Робототехника және балалар
- Толығырақ
- Құрылды 05.04.2017 17:43
Робототехника – балаларды заман талабына сай жоғары технологиялы техникаға бейімдеу әдістерінің бірі. Оны меңгеру бүгінгі таңда аса қажет. Елдегі 3D-принтинг, мобильді банкинг, сандық сервисті барынша дамыту қажет. 5 сәуірде өткен «Робототехника – болашаққа қадам» атты семинар-тренингге Өскемен қаласы мектептерінің информатика пәні мұғалімдері қатысты.
Бұл күні кітапхана ресурстар орталығы әрі робототехникаға үйрету бойынша тәжірибе алмасу алаңы болды. Семинар барысында аталған тақырып бойынша жан-жақтан келген қонақтар да өз тәжірибелерімен алмасты. «ҮМЗ» АҚ қызметкері Панфилов Владимир «Өскемен қаласы кәсіпорындарында автоматты үдерістерді қолдану» тақырыбында шолу жасады.
Кітапхана мамандары әзірлеген «Hello, Robot» әдебиеттер көрмесі мен интернет-ресурстар оқытушыларға сабақ жоспарын жазуда қажетті әдебиеттер іріктеуге мүмкіндік беріп, STEM-білім беру заманауи қағидасымен таныстырды.
Жастар интеллект-орталығының маманы Валерий Малышев, робототехника бойынша халықаралық санаттағы тренер Дидар Тоқтасынов және математика, физика, информатика саласы бойынша дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицейінің оқытушылары конструктор құрау және роботтарды бағдарламалау жөніндегі өз тәжірибелерімен бөлісті.
Кітапхананың Америкалық орталығының маманы Әсем Екімбаева қонақтарды Қазақстандағы АҚШ Елшілігінің қолдауымен таяуда ашылған Makerspace шығармашылық кеңістігімен таныстырып, үш өлшемді принтер мен оның артықшылықтарын ұсынды.
Семинар соңында қатысушылар өздерінің алған әсерлерімен бөлісіп, алғыстарын білдірді.
|
|
|
|
|
|
|
Контакты: Валентина Райхель,тел.261 333,вн.119
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26343367
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы