Жамбыл атындағы гимназияның оқушылары кітапханада
- Толығырақ
- Құрылды 21.04.2017 16:55
Жамбыл атындағы гимназияның оқушылары ең алдымен кітапхана бөлімдерімен, оқу залымен және үйірмелермен танысты. Айта кетелік, биыл «Бір ел ¬ бір кітап» акциясы аясында жыл кітабы болып Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармалары таңдалып алынған болатын.
Аталған акция 2007 ж. бастау алып, бүгінгі күнге дейін жалғасын табуда. Сондықтан, басты тақырып – Сұлтанмахмұт Торайғыров шығармашылығына арналғандықтан, кітапхана қызметкерлері балаларға қаламгердің өмірі мен шығармашылығы жайлы мәлімет беріп, ақын өмірінен сыр шертетін деректі фильмді ұсынды. Кездесу соңында оқушылар кезекпен ақынның өздеріне ұнаған өлеңдерінен үзінділер оқыды. Балалардың әдебиет пен өлеңге деген құштарлықтары айқын байқалды. Әрине, бұл көңілге қуаныш ұялатады.
Кездесу соңында ұстаздар мен оқушылар кітапханадан алған керемет әсерлерімен бөлісіп, ақжарма алғыстарын білдірді.
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26338216
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы