Ерлік мәңгі есте
- Толығырақ
- Құрылды 04.05.2017 09:10
Жылдар өткен сайын Ұлы Отан соғысына қатысқандар саны азайып келеді. Дегенмен, олардың ұлы ерліктері кітаптар мен өлеңдерде, деректі құжаттарда естелік болып қалды.
«Партизан соғысының батырлары» атты кітап көрмесінің презентациясына студенттер, оқушылар, тарих және филология мұғалімдері, журналистер мен жазушылар, өлкетанушылар қатысты. Партизан қозғалысы – Ұлы Отан соғысы жылдарындағы бүкілхалықтық күрестің көрінісі. Бұл жылы 1942 жылы құрылған партизан қозғалысының Орталық штабына 75 жыл. Кездесуді құрметті қонағымыз, Ұлы Отан соғысының ардагері, отставкадағы полковник, ІІМ құрметті ардагері Құрмат Рахимұлы Рахимов ашты. Құрмат Рахимов «Родился в Курчуме», «Наедине с памятью» кітаптарының авторы. Майдан куәгері соғыс әкелген қиындықтар, халықтың ұлы ерлігі жайында өз естеліктерімен бөлісті.
Кітап көрмесінің презентациясы бірден кітапхананың үш алаңында өтті. Балалар библиографтар, ардагерлер мен журналистердің әңгімесін қызыға тыңдап, сұрақтар қойды, ардагерлермен фотосуретке түсті.
Қасымов Айтмұхамбет Қасымұлы, Қазақстанның Құрметті журналисі, Қазақстан жазушылар Одағының мүшесі, филология ғылымдарының кандидаты, өнер мұражайының қызметкері:
- Кітапхана, архив, мұражай – мәдени орындар. Біз олардың жұмысын ерекше бағалаймыз. А.С.Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасының жұмысы барша республикалық, облыстық кітапханаларға үлгі-өнеге. Бұл кітапхана үнемі алда және түрлі тақырыптар бойынша танымдық маңызды жұмыстарды мазмұнды ұйымдастырыруымен ерекшеленеді. Бүгінгі тақырып шығысқазақстандық партизандарға арналған. Ұлы Жеңіс қарсаңындағы осы кездесудің жас ұрпақ үшін тарихи танымы зор. Мен бүгін облысымыздан шыққан көптеген партизандардың есімдерімен таныстым. Бұл – кітапханашылар мен осы кездесуді ұйымдастырушылардың үлкен зерттеушілік еңбегінің нәтижесі. Мерекелік көрмеден көптеген жаңа мәліметтер алуға болады. Біз жерлестеріміз Қасым Қайсенов, Әди Шәріпов жайында жақсы білеміз, дегенмен, көптеген есімдерді алғаш рет естідік. Мен соғысқа қатысқан өзімнің ағайым Шаяхмет Боранбаев жайында әңгімеледім. Енді осы кездесуге қатысқан жастар да жерлес партизандар жайында білетін болады. Олар осы тарихи танымдық кездесу жайында өз мектептерінде әңгімелеп, есте қалдырса деген тілегім бар.
Көрмеге Белоруссия, Украина жеріндегі партизан қозғалысы, Европа жеріндегі Қарсыластар қозғалысы, партизан қозғалысына, астыртын ұйымдар жұмысына қатысқан қазақстандық жауынгерлер жайында әдебиеттер қойылған. Олардың есімдері көзі тірісінде аңызға айналып, Қазақстан ғана емес, елімізден тыс елдерге танымал болды: Олар біздің жерлестеріміз: Қасым Қайсенов (Ұлан ауданы), Әди Шәріпов (Жарма ауданы), Тоқтағали Жангельдин (Аягөз ауданы), Григорий Гнидин (Самар ауданы), Мешітбай Хасенов (Үржар ауданы), Василий Абакумов (Риддер қ.), Павел Новиков (Өскемен қ.) т.б. Олардың көбі 1-ші және 2-ші дәрежелі «Ұлы Отан соғысы партизанына / Партизану Отечественной войны» медалімен марапатталған.
Құрметті біздің оқырмандарымыз, сіздерді көрмеге шақырамыз. Кітапхана сіздерді күтеді!
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Контакты: Валентина Райхель,тел.261 333,вн.119
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26339319
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы