homesemail1sm

Заңгер кеңесі


Read More...

Робототехника 2022


Read More...

Волшебник изумрудного города


Read More...

Ұлы даланың ұлы тұлғалары


Read More...

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы


Read More...

Виртуалды қосымша


Read More...

Біздің Абай


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...

Құжаттардың электронды жеткізілімі


Read More...

Виртуалды анықтама қызметі


Read More...
0123456789
Негізгі бетАРХИВБіздің электронды кітапханалар
Қателік
  • Plugin mavikThumbnails needs library GD2

Біздің электронды кітапханалар

Қадірлі оқырман! Сіз біздің кітапхананың сайтындағы «Біздің Абай», «Өлкетану», «Электронды каталог» айдарларына назар аудардыңыз ба? Бұл дерекқорлардан кітаптардың қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі электронды нұсқасын табуға болады. Іздеу жолағына өзіңізге қажетті тақырып бойынша түйін сөз енгізсеңіз, электронды нұсқадағы ақпаратқа қол жеткізесіз. Бұл тыңғылықты жұмысты Сіздер үшін 2014 жылдан бері библиограф Ракишева Ғалия Абзалханқызы атқарып келеді.

Бүгін Ғалия Абзалханқызы қағаз басылымдарын сандық нұсқаға көшіру және сайтымызда электронды кітапхананы толықтыру үдерісі қалай жүзеге асырылатыны жайлы әңгімелеп берді.
- Мен кітапхананың абонемент бөлімі мен оқу залында он жылдан астам уақыт қызмет атқардым. Яғни, әрдайым оқырманмен тікелей қарым-қатынас жасап келдім. Ал қазіргі менің жұмысым барлық оқырман үшін қолжетімді, өйткені интернет мүмкіндігі пайдаланушыға жол ашады. Мен өзім де күнделікті бір жаңалыққа тап боламын. Біздің электронды материалдарды барша интернет пайдаланушылары қолдана алады. «Өлкетану электронды кітапханасы» мен «Біздің Абай» дерекқоры бүкіл әлемге танымал.
Біз материалдарды сандық нұсқаға көшіруді өлкетанудан бастадық, олар: жерлестеріміз, ақын-жазушылар, музыканттар, өлкеміздің адамдары, қалалары, оқиғалары мен тарихы жайлы кітаптар мен мақалалар. Біз авторлармен олардың кітаптарының көшірмесін жасау үшін келісім-шарт жасаймыз. Құжаттардың көшірмесін электронды кітапханаға орналастырамыз. Аталған электронды кітапхана толықмәтінді дерекқор болғандықтан, кез-келген виртуалды пайдаланушы оған тіркелу арқылы кіре алады. Пайдаланушы мәтінді оқып немесе жекелеген үзінділерін көшіре алады.
Бүгінгі күнге дейін Шығыс Қазақстандағы ғылым, құқық, білім беру, экология, медицина, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, өсімдік пен жануарлар әлемі бөлімдері сандық нұсқаға көшірілді. Қазіргі уақытта «Өнер» бөлімі электронды нұсқаға көшірілуде. Қазір Өлкетану электронды кітапханасында 1827 құжат жинақталған. Сонымен бірге, «Біздің Абай» электронды кітапханасы да толықтырылуда. Мұнда ұлы ақынның барлық шығармалары мен ол туралы монографиялар мен мақалалар шоғырланған. Мұндағы барлық құжат саны – 1391. Ағымдағы 2017 жылы 314 құжат сандық нұсқаға көшірілді, олар 33 000 бет, көлемі жағынан 11 000 мб-ты құрайды. Бұл жұмыс күнделікті жалғасын табуда.
Көптеген құжаттар оқырмандарымыздың сұранысы бойынша электронды нұсқаға көшіріледі. Құжаттардың электронды жеткізілімі келісім-шарт жасалған кітапханалармен белсенді түрде жүзеге асуда, ол ең алдымен – Ресей Ғылым академиясы Сібір бөлімшесінің Мемлекеттік ғылыми-техникалық кітапханасы (ГПНТБ СО РАН). Сондай-ақ, кітапхана Алматы, Астана қалаларындағы ұлттық кітапханалармен, Қарағанды, Семей облыстық кітапханаларымен және аудандық кітапханалармен тығыз қызметтік қарым қатынаста. Біздің кітапхана барлық қызмет түрлерін ақысыз ұсынады.
Кітаптардың электронды көшірмелерін кітапхана сайтындағы «Өлкетану электронды кітапханасы» мен «Біздің Абай» дерекқорларынан оқи аласыздар.

galiy 1 galiy 3 galiy 2  

konvertor

Статистика

  • Қолданушылар : 6
  • Материалдар : 2881
  • Материалды қарау саны : 26341006
t +7(7232) 261-333
p +7(7232) 609-087
m director@pushkinlibrary.kz
h ШҚО, Өскемен қаласы
 Қазақстан к. 102