Кітапханадағы балалық мерекесі
- Толығырақ
- Құрылды 01.06.2017 11:34
Бүгін кітапхана оқырмандарын ерекше көңіл-күймен қарсы алды. Оқырмандарды кітапханадағы "До ми солька" вокалды тобының кішкентай әншілері мерекелік ән-шашуларымен қарсы алды. Олардың орындауындағы «Маленькая страна», «Наш Казахстан» әндері 1 маусым балаларды қорғау Күніне арналған мерекелік бағдарламаны ашты.
Кішкентай оқырмандарымыздың мерекесіне орай ұйымдастырылған кітап көрмесі бірінші қабатта орын алды.
Балдырғандар үшін ерекше тосын-сый, "Алдар көсенің сиқырлы дүрбісі" ертегісі болды. Балақайлар облыстық драма театрының әртістерімен бірге ертегілер әлеміне саяхаттады.
Сараң бай мен қарақшы кедейдің дорбаға таласуынан бастау алған ертегі, адамдардың берекетін қашырған жалғыз көзді Дәудің көзін құрту мақсатында күрескен Алдар көсе мен түрлі кейіпкерлер арасында өрбіді.
Бұзық Маша, жүйткіген Макуин, өрмелеген өрмекші адам, сараң бай мен қутыңдаған кедей балдырғандарды таңғалдырып, күлкіге қарық қылды. Ертегі соңынан кішкентай оқырмандарымызға ШҚО кәсіпкерлеп Палатасының демеушілігімен тәтті сыйлықтар таратылды.
Байланысшы : Жансая Ашкенова ,тел.261 333
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26341717
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы