«Кітап оқу көшбасшысы. Жаз – 2017»
- Толығырақ
- Құрылды 02.06.2017 02:08
Өскемен қаласы әкімдігі мен білім бөлімінің қолдауымен кітапханада «Кітап оқу көшбасшысы. Жаз – 2017» сайысы жарияланды. Сайысқа 6-17 жас аралығындағы мектеп оқушылары қатыса алады.
Сайыстың мақсаты - Балалар мен жастардың оқуға деген қабілеттіліктерін арттыру үшін өздігінен кітаппен жұмыс істеу дағдысын дамыту және ақпараттық мәдениетті қалыптастыру.
Сайыс 2017 ж. 1 маусым – 30 қыркүйек аралығында өткізіледі және екі турдан тұрады:– бірінші тур: 1 маусым – 20 қыркүйек аралығында, екінші тур: 2017 ж. 21 қыркүйек – 30 қыркүйек аралығында.Сайысқа қатысушылар мен жеңімпаздар диплом және бағалы сыйлықтармен және төмендегі номинациялармен марапатталады:«Үздік оқырман» ( 6-10 жастағы балалар),«Үздік оқырман» (10-14 жастағы балалар), «Үздік оқырман» (15-17 жас аралығындағы жасөспірімдер),«Үздік оқу жетекшісі» номинациясы жеңімпаздарға ықпал еткен адамдарға табыс етіледі.
«Кітап оқу көшбасшысы. Жаз – 2017»
жазғы кітап оқу сайысының ережесі
1. Жалпы ережелер
1.1. «Кітап оқу көшбасшысы. Жаз – 2017» сайысы (бұдан әрі – Сайыс) «Кітап оқитын әлемдегі оқитын ұлт» мәдени жобасы аясында өткізіледі;
1.2. Сайыс 6-17 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдер арасында өтеді;
1.3. Әрбір сайысқа қатысушы өзінің жетекшісін көрсетуі тиіс, ол өзіне оқуға ықпал еткен, кітап таңдауға көмектескен немесе оқыған кітабы бойынша пікір алмасқан – ұстаз, кітапханашы, ата-ана, ата-әже, әпке, ағасы т.б. болуы мүмкін.
1.4. Оқылатын кітап тек қана А. С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы қорынан алынуы тиіс (қатысушылар пайдаланған әдебиетті автоматты түрде қадағалау үшін қажет).
1.5. Оқуға таңдалатын нысан тек көркем әдебиет қана емес, сонымен бірге мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдеріндегі ғылыми-танымдық басылым, аудио- және электронды кітаптар болу мүмкін.
2. Сайысты ұйымдастырушылар
2.1. А. С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы;
2.2. Өскемен қаласының білім беру бөлімі;
2.3. Сайыс координаторы – А. С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасының Жастар интеллект-орталығы;
2.4. Жауапты тұлға – А. С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасының бас маманы Абдеева Яна Борисовна.
3. Сайыстың мақсаты мен міндеттері
3.1. Сайыстың мақсаты:
3.1.1. Қазақстан Президенті Н. Ә. Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жанғыру»/«Взгляд в будущее: модернизация общественного сознания» ғылыми мақаласында атап өткендей, қоғамның рухани құндылығы – кітап пен оқуға көңіл бөлу.
3.1.2. Балалар мен жастардың оқуға деген қабілеттіліктерін арттыру үшін өздігінен кітаппен жұмыс істеу дағдысын дамыту және ақпараттық мәдениетті қалыптастыру;
3.1.3. Оқуды тұлғаның интеллектуалды және адамгершілік дамуына және оның әлеуметтік бағдары мен амбициясын сауатты қалыптастыруға ықпал ететін сапалы демалыс ретінде насихаттау.
3.2. Сайыстың міндеттері:
3.2.1. Балалар мен жастардың оқу белсенділігін, олардың зейін салып оқуын, кітап кейіпкерлерінің әрекеттерін бағалауға, оқыған шығармасы жайлы ой бөлісуге ынталандыру;
3.2.2. Мәдениет пен білім беру мекемелерінің түрлі жас ерекшелігіндегі оқырмандар санатына үздік отандық және әлемдік әдебиет үлгілерін жылжыту жөніндегі бастамаларын нығайту және үйлестіру;
3.2.3. «Кітап оқу көшбасшысы. Жаз – 2017» сайысының үздік оқырмандары мен жетекшілерін анықтап, мадақтау.
4. Сайысты өткізу мерзімі
4.1. Сайыс 2017 ж. 1 маусым – 30 қыркүйек аралығында өткізіледі және екі турдан тұрады:
– бірінші тур: 1 маусым – 20 қыркүйек аралығында;
– екінші тур: 2017 ж. 21 қыркүйек – 30 қыркүйек аралығында;
Бірінші тур:
4.2. Тапсырыс келесі мекенжайда мерзімсіз қабылданады: А. С. Пушкин атындағы ШҚ облыстық кітапханасы, Қазақстан көшесі, 102; каб.№7 (Жарнама бөлімі) немесе №15 (Жастар Интеллект орталығы), сондай-ақ, е майл: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. электронды адресіне жіберуге болады (тапсырыс үлгісі мен қатысу тәртібі қоса беріледі);
4.3. Сайыскерлердің оқыған басылымдары туралы жазбаша және электронды нұсқадағы пікірлері 2017 ж. 15 қыркүйек сағ. 17.00-ге дейін қабылданады;
4.4. Сайыстық жұмыстарды талдау және финалға қатысушыларды іріктеу – 18-20.09.2017 ж. дейін жүргізіледі.
Екінші тур:
4.5. Финалға қатысушылар сайысы – 22 қыркүйек сағ.15.00;
4.6. «Кітап оқу көшбасшысы. Жаз – 2017» сайысын қорытындылау және жеңімпаздарды марапаттаудың салтанатты рәсімі 2017 ж. 27 қыркүйек сағ. 15.00;
4.7. Сайыс материалдарын жариялау және БАҚ-қа ұсыну – 28-30 қыркүйек 2017 ж.
5. Сайыстың шарттары
5.1. Әрбір қатысушы А. С. Пушкин атындағы кітапхананың Тіркеу секторына «Кітап оқу көшбасшысы. Жаз – 2017» сайысына қатысушы ретінде жетекшісін көрсете отырып тіркелуі тиіс;
5.2. Әрбір қатысушы «Кітап оқу көшбасшысы. Жаз – 2017» сайысы аясында өзі оқыған шығармасы жайлы көзқарасы мен барынша ұнаған кітабы туралы пікірін баспа, электронды немесе бейнеролик, РРР-презентация және т.с.с. үлгіде (сайыскердің қалауы бойынша) ұсынуы тиіс;
5.3. Сайысқа қатысушылардың көрсетілген мерзімнен кейін өткізген жұмыстары сайысқа қатыспайды;
5.4. Сайыстың финал кезеңінде іріктеліп алынған қатысушылар әділқазылар алқасының сұрақтарына әртүрлі дәйексөз, фраза, дәлелдермен жауап беріп, өз пікірлерімен алмаса отырып, өздері оқыған шығармадан алған білімдерін ортаға салады.
6. Сайыс жеңімпаздарын бағалау және іріктеу критерийлері
6.1. Оқыған кітап саны және оның көлемі (бет саны);
6.2. Сайысқа қатысушының білімін айқындайтын пікірлер мен көзқарастардың сапасы және оқыған кітабы жайлы жеке ойы;
6.3. Оқыған басылымдарының мазмұнын, кітап оқиғалары мен кейіпкерлерін, қызықты деректер т.с.с. білу;
6.4. Оқыған кітабының идеясымен бөлісе алу және сайыскерлердің жарқын образды тілі (соңғы кезеңде маңызды).
7. Сайысты қорытындылау және қатысушыларды марапаттау
7.1. Сайыскерлерді марапаттау төмендегі үш номинациямен өтеді:
– «Үздік оқырман» ( 6-10 жастағы балалар);
– «Үздік оқырман» (10-14 жастағы балалар);
– «Үздік оқырман» (15-17 жас аралығындағы жасөспірімдер).
7.2. «Үздік оқу жетекшісі» номинациясы жеңімпаздарға ықпал еткен адамдарға табыс етіледі.
7.3. Сайысқа қатысушылар мен жеңімпаздар диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталады.
8. Қаржыландыру
Сайысты қаржыландыру бюджеттен тыс қаражатпен жүзеге асырылады.
9. Сайысты ұйымдастыру комитетінің құрамы
1. Әбенова Бақтина Қалмақбаевна – А. С. Пушкин атындағы облыстық кітапхана директорының орынбасары;
2. Куленова Шолпан Борисовна – Өскемен қаласы білім беру бөлімі жетекшісінің орынбасары;
3. Лисянская Татьяна Васильевна – қалалық білім беру бөлімінің әдіскері;
4. Коротин Сергей Викторович – қалалық мәслихат депутаты;
5. Ахметжанов Ринат Руланович – Өскемен қаласы әкімдігі жастар ресурстық орталығының директоры, қалалық мәслихат депутаты;
6. Абдеева Яна Борисовна – А. С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасының бас кітапханашысы.
10. Сайыстың қазылар алқасы
10.1. Сайыстың қазылар алқасы 2017 ж. қыркүйек айында анықталады.
10.2. Сайыстың қазылар алқасы «Кітап оқу көшбасшысы. Жаз – 2017» сайысының бірінші турдағы сайыс жұмыстарын іріктеуге, финалға қатысушылар сайысына және жеңімпаздарды салтанатты марапаттау рәсімдеріне қатысады.
11. Байланыс, анықтамалар:
Анықтама тел.: 8 (723)2 261333, е-майл: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
А. С. Пушкин атындағы
ШҚО кітапханасы директоры
_____________________
Қ. Ақжігітова
Өскемен қ.
Білім беру бөлімінің жетекшісі
__________________
М. Ахметова
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26342792
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы