Мейірімді жандар мерекесі
- Толығырақ
- Құрылды 13.10.2017 17:01
13 қазан күні кітапхана жігерлі де мақсатты адамдарға есігін айқара ашты. Бұл адамдар өмірдің қаншалықты қымбат екенін түсінетін жандар. Бір сөзбен айтқанда, қазір ерекше қажеттілігі бар адамдар.
Мейірімді жандар мерекесіне біздің кітапхананың достары – Шығыс Қазақстан облыстық Драма театрының әртістері, «Алтынай» мүгедек-әйелдер қоғамының жастары, «Үлбі» әлеуметтік қызмет көрсету орталығының жасөспірімдері мен балалары, кітапхананың қолөнер үйірмесінің мүшелері мен «В кругу друзей» клубының белсенділері қатысты.
Біз «Алтынай» қоғамының балаларымен бірнеше жылдан бері бірлесе қызмет жасап келеміз. Олармен бірге медиасабақтарда елдер мен континенттерге ынтамен саяхаттадық, мерекелерді бірге атап өтіп, ән шырқап, би биледік. Бұл балалардың ынта-қызығушылықтарын айтсаңызшы...
«Үлбі» орталығының балалары да өте талантты. Олардың арасында әншілер мен суретшілер, дизайнерлер мен полиглоттар және нағыз әртістер де бар! Олардың көпшілігі кітапханамыздан өздеріне жаңа достар тауып та үлгерді.
Бізде тіпті тәулігіне 24 сағат уақытын өткізуге дайын оқырмандар да бар. Олар он саусағынан өнері тамған өнерлі, мейірімді, шыдамды жандар! Бұл адамдар Оксана Королеваның қолөнер үйірмесінің мүшелері.
Мерекелік бағдарламаны біздің «В кругу друзей» клубының белсенділері ұсынатын болады. Клубқа кәсіби вокалист әрі ұйымдастырушы, сезімтал да керемет жан - Гүлнар Перкова жетекшілік етеді.
Міне, біздің оқырмандарымыз осындай талант иелері өз өнерлерін ортаға салды. Алдыда Сіздерді көптеген мерекелер мен қызықты басқосулар күтетін болады. Келіңіздер! Көріңіздер!
Контакты: Валентина Райхель,тел.261 333,вн.119
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26339319
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы