homesemail1sm

Заңгер кеңесі


Read More...

Робототехника 2022


Read More...

Волшебник изумрудного города


Read More...

Ұлы даланың ұлы тұлғалары


Read More...

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы


Read More...

Виртуалды қосымша


Read More...

Біздің Абай


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...

Құжаттардың электронды жеткізілімі


Read More...

Виртуалды анықтама қызметі


Read More...
0123456789
Негізгі бетАРХИВ«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» көрменің ашылуы
Қателік
  • Plugin mavikThumbnails needs library GD2

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» көрменің ашылуы

16 қарашада 15.00-де, Тұңғыш Президент Күні қарсаңында  кітапханада Елбасының "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаласының алға бастайтын негізгі ережелері көрсетілген кең әдеби экспозиция ашылады. Ашылу салтанатына мемлекеттік қызметкерлер, мәдениет, білім өкілдері, студенттер мен қала қауымдастығы қатысады.

Көрмеге қойылған әдебиеттер біздің қоғамның рухани жаңғыру стратегиясын түсіну, зерделеу және қабылдауға көмек береді. Көрменің «Бәсекеге қабілет және адам капиталы» бөлімі цифрлық сауаттылық дағдыларын дамыту, қазақ, ағылшын, орыс тілдерін үйренуге көмекші, өзара түсіністік пен ынтымақтастыққа ашық «әлем азаматын» қалыптастыру негіздері туралы кітаптармен таныстырады.

Көрменің келесі – «Білімге құштарлық» бөліміне біздің жастарымыздың бүкіләлемдік үздік үлгілер бойынша оқып, әлемдік еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болуына мүмкіндік беретін материалдар қойылған. Соның ішінде «Болашақ» программасы, Қазақстанда әлемдік деңгейдегі университеттердің құрылуы, интеллектуалдық мектептер жүйесі туралы т.б. мақалалар орын алған. Мұнда сондай-ақ, қазақ тілі графикасының тарихы туралы кітаптар мен мақалалар, латын жазуына көшу жөніндегі әдістемелік материалдар мен кеңестер ұсынылған. Сонымен бірге, қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар бойынша «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асырылуы туралы ақпараттар бар.
«Ұлттық рух» бөлімінде арнайы «Туған жер» жобасы баяндалған, онда біздің отандастарымызды туған өлкемізді өркендету және әлеуметтік мәселелерді шешуге әрекет жасауға үндейді. Бұл өзінің ақыл-қайраты, таланты мен дарыны, өз қолымен өлкеміздің қазіргі заманға сай келбетін жасап жүрген адамдардың нақтылы тарихы мен тағдыры.
Шығыс Қазақстанның «қасиетті күші» туралы кітаптар мен тамаша фотоальбомдарды біздің өңірдің киелі орындары жайындағы фотосуреттер жинағы толықтырып тұр. Қазақстанның мәдени-географиялық бірегей өрісіне енген осы фотоқұжаттар көрмеге ерекше әсерлі рең береді.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы Елбасының жаңа болашаққа бірге қадам жасау, қоғамдық сананы өзгерту бағытындағы көрегендік ой-толғамдарын көрсетеді. Ол бізге қуатты және жауапкершілігі мол адамдардың біртұтас Ұлтқа айналуы үшін аса қажет. Көрмемен танысып, әдебиеттерді оқып, шығармашылық шабыт алыңыздар, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының міндеттерін іске асыру үшін еліміздің әр азаматының қолдауы мен әлеуеті керек.
                                                                                                                                                          Байланыс тел.: 261-333

 

konvertor

Статистика

  • Қолданушылар : 6
  • Материалдар : 2881
  • Материалды қарау саны : 26337073
t +7(7232) 261-333
p +7(7232) 609-087
m director@pushkinlibrary.kz
h ШҚО, Өскемен қаласы
 Қазақстан к. 102