Жаңа кітап бізде, асығыңыз Сізде!
- Толығырақ
- Құрылды 10.11.2017 11:22
7 қараша күні кітапхана қорына ғалым, филология ғылымдарының докторы Қартаева Айжан Маратбекқызы бірнеше кітапты сыйға тартты.
Хамит Балшабеков «Жылқышы әні», «Өмір саған ғашықпын», «Балтамыр», «Қантамыр» атты жыр жинақтарының авторы. Ақынның Айжанның құрастыруымен шыққан «Таңдамалылар» атты жыр жинағында әр жылдары
жазылған өлеңдері, балладалары топтастырылған. «Шығыстың Мұқағалиы» атанған, халқының қадір құрметіне бөленіп, өнер көкжиегінде өзіндік із қалдырған ақын. Ақын өлеңдеріне деген сұраныс күннен күнге артуда. Ендеше оқырман еншісінде.
«Әдеби өлкетану» кітабында аймақтың әдеби өмірі мен даму үрдісі, бағыты мен заңдылықтары, өзіне тән ерекшеліктері қарастырылады. Шығыс Қазақстан өңірінен шыққан ақын-жазушылардың, айтыскер ақындардың, сөз зергерлері мен ғалымдардың, журналистердің шығармашылық өмірбаяны жан-жақты зерделенеді.
«Абайтану» атты кітапта Абайдың ақындық мұрасы жаңа таныммен қарастырылады. Абай дәстүрінің Алаш әдебиетіндегі жалғастығы жан-жақты сараланады. Тәуелсіздікті баянды ету үшін. Ел бірілігі мен ынтымағын сақтау жолында, ұлттық рух пен рухани танымды асқақ ұстау үшін Абай мұрасын оқыту кезек күттірмейтін мәселе. Келіңіз, таныс болыңыз.
| |
|
|
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26343726
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы