homesemail1sm

Заңгер кеңесі


Read More...

Робототехника 2022


Read More...

Волшебник изумрудного города


Read More...

Ұлы даланың ұлы тұлғалары


Read More...

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы


Read More...

Виртуалды қосымша


Read More...

Біздің Абай


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...

Құжаттардың электронды жеткізілімі


Read More...

Виртуалды анықтама қызметі


Read More...
0123456789
Негізгі бетАРХИВНазар аударыңыз, жаңа кітап!
Қателік
  • Plugin mavikThumbnails needs library GD2

Назар аударыңыз, жаңа кітап!

Кітапхана қорына  биылғы жылы жарық көрген «Қазақ энциклопедиясы» энциклопедиялық анықтамалығы келіп түсті. Үкімет қаулысымен еліміздің төл энциклопедиялық баспасы құрылып, үздіксіз жұмыс істеп келе жатқанына жарты ғасыр толды. Осы уақыт ішінде баспа ұжымы қазақ және орыс тілдерінде 12 томдық «Қазақ совет энциклопедиясы» мен 10 томдық «Қазақстан» ұлттық энциклопедиясын, сондай ақ көптеген салалық, пәндік, аймақтық, тұлғалық энциклопедиялар мен басқа да танымдық-анықтамалық кітаптарды, сөздіктерді жарыққа шығарды.

Кітапта жартығасыр ішіндегі энциклопедия авторлары мен баспа қызметкерлері және олар шығарған кітаптар туралы ақпараттар әліпби ретімен берілген. Баспаның жарты ғасырлық тарихи жолын анықтайтын құнды да мәнді деректер келтірілген.
казак«Қазақ энциклопедиясы» ұжымының қалыптасып, аяғынан тік тұрып, Қазақстандағы жетекші баспалардың біріне айналуына оның алғашқы басшылары М. Қаратаев, М. Қозыбаев, Р. Нұрғалиев, Ә. Нысанбаев, Б. Аяған, Б. Жақып үлкен еңбек етті. Қазіргі басшысы - философия докторы Ж. Тойбаева да алдыңғы ағалар дәстүрін лайықты жалғастырып келеді.
Баспаны жүз мыңдаған оқырмандар атынан мерейлі мерекемен құттықтаймыз. Еліміздің рухани жаңғыруына лайықты үлес қоса берулеріңізге тілектеспіз.
Құрметті оқырман, баспаның жарты ғасырлық тарихи жолын айшықтайтын құнды да мәнді энциклопедиялық анықтамалық сіздің еншіңізде. Келіңіз, таныс болыңыз.

 

Байланыс тел.: 26-13-33

konvertor

Статистика

  • Қолданушылар : 6
  • Материалдар : 2881
  • Материалды қарау саны : 26348853
t +7(7232) 261-333
p +7(7232) 609-087
m director@pushkinlibrary.kz
h ШҚО, Өскемен қаласы
 Қазақстан к. 102