homesemail1sm

Заңгер кеңесі


Read More...

Робототехника 2022


Read More...

Волшебник изумрудного города


Read More...

Ұлы даланың ұлы тұлғалары


Read More...

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы


Read More...

Виртуалды қосымша


Read More...

Біздің Абай


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...

Құжаттардың электронды жеткізілімі


Read More...

Виртуалды анықтама қызметі


Read More...
0123456789
Негізгі бетАРХИВ"Рухани жаңғыру": қазақ тілінің жаңа әліпбиін үйренуге арналған кезекті онлайн-сабақ
Қателік
  • Plugin mavikThumbnails needs library GD2

"Рухани жаңғыру": қазақ тілінің жаңа әліпбиін үйренуге арналған кезекті онлайн-сабақ

7 ақпан күні сағат 15.00-де кітапхананың жаңа әліпбиді оқып-үйрену орталығында «Қазақ тілінің дыбыстық жүйесі» атты екінші онлайн бейне-сабағы өтті. Бейнежазба сабақты Алматы қаласындағы Ахмет Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының ғылыми жұмыс жөніндегі директорының орынбасары, филология ғылымдарының кандидаты Фазылжанова Анар Мұратқызы жүргізді.

Лингвист ғалыммен онлайн-кеңесіне жоғары оқу орындарының, колледждердің және жалпы білім беру мектептерінің оқытушылары,филологтар, филология факультетінің студенттері қатысты.
Интернет-сабаққа облыстың (Семей қ. Абай атындағы) орталық және қалалық (Ақсуат, Риддер, Шемонаиха, Зайсан) кітапханалары қосылды. Бейнежазба 

сабақтан кейін қатысушылар онлайн байланыс арқылы оқытушыға қашықтан сұрақтар қойып, сұхбаттасу мүмкіндігіне ие болды.
Еліміздің тарихында алғаш рет ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті А.Байтұрсынов атындағы тіл білімі институты «Жаңа қазақ әліпбиіне қазақ тілінің аудармасының ғылыми негіздерін кешенді зерттеу» (2013-2015) бағдарламалық-мақсаттық зерттеулері аясында лингвистикалық эксперименттер арқылы (500 ден аса сарапшылардың қатысуымен )қазіргі заманғы қазақстандық ақпараттық кеңістіктегі ең танымал жаңа алфавиттік жобаның 3 ортақ типі әзірленді.
Шығыс Қазақстан халықтары мәдениеті мен тілдерін дамыту орталығының әдіскері, Аубакирова Айнур:
- Біз сияқты тіл мамандары үшін жаңа әліпбиді оқып-үйрену туралы кез-келген ақпаратты алу, білетін тәжірибемізбен бөлісу өте маңызды. Латын әліпбиіне көшу туралы бағдарламаны іске асыру бұл тек қазақ тілі мамандары емес, жалпы халық болып атқаратын іс. Егер бүгінгі күні латын қаріпінде әріптерді танып, оқи алатын болсақ, 2025 жылы жаңа әліпбиді қабылдау бізге өте жеңіл болар еді. Бүгінде барлық қазақ тілі мамандары латын әліпбиін оқып-үйренудің көздерін іздеуде. Және бұл кез-келген сауатты боламын деген адамның ісі. Қазір бұл жұмыс басталып та кетті. Кітапханадағы осындай жаңа әліпбиді оқып үйрену орталығының ұйымдастырылуы өте пайдалы және А. М. Фазылжанованың дәрістеріндегі сияқты IT-технологияларды қолдану өте дұрыс деп ойлаймын.
Онлайн-кездесуге келген тыңдармандар латын әліпбиіне қатысты өздерін мазалаған сұрақтарын Фазылжанова Анар Мұратқызына қойып, қанағаттанарлықтай жауаптарын алды. Орталық ашылған күні өткен А.Фазылжанованың алғашқы бейнежазбасын кітапхананың веб-сайтынан http://www.pushkinlibrary.kz алуға болады. Екінші және бұдан кейінгі өтетін барлық сабақтар Интернетте болады.

 latin 1 1 latin 1 3 latin 1 6 latin 1 8  latin 1 12 

Байланысшы: Құдайбергенова Нұргүл, тел.261 333, ішкі 119

konvertor

Статистика

  • Қолданушылар : 6
  • Материалдар : 2881
  • Материалды қарау саны : 26343806
t +7(7232) 261-333
p +7(7232) 609-087
m director@pushkinlibrary.kz
h ШҚО, Өскемен қаласы
 Қазақстан к. 102