"Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын...
- Толығырақ
- Құрылды 15.03.2018 14:46
15 наурыз күні көктем мен жаңару мерекесі қарсаңында мәжіліс залында кітапхананың барлық достары бас қосты. Олар «В Кругу друзей» клубының мүшелері, Алтын-ай қоғамының тәрбиеленушілері, «Үлбі» медициналық әлеуметтік мекемесінде демалушылар және кітапхана оқырмандары.
Қонақтарымыз кітапхананың 1 қабатында ұйымдастырылған «Қош келдің, мерейлі Наурыз!» кітап көрмесін тамашалады. Көрмеде мерекенің тарихы, халқымыздың салт-дәстүрлері туралы кітаптар мен журналдар ұсынылған.
Наурыз — шығыс елдерінің бүкілхалықтық мейрамы, Ұлыстың ұлы күні. Наурыз шығыс халықтарында жыл басы мерекесі ретінде тойланып, ерекше күн ретінде аталып өтіледі. Наурыз бірліктің, татулықтың, еңбектің, ізгіліктің, бақыттың мерекесі ретінде тойланған. Сондықтан да болар, бұл күні шаттанбайтын, қуанбайтын, мейірленбейтін адам болмаған.Бұл күні жақсы тілек тілеу, құттықтау, кешірім жасау, табысу сияқты адамгершілік қасиеттер көрініс тауып, кейінгі ұрпақтар сондай жақсы өнегеден үлгі алған.
Наурыздың айрықша тәлім-тәрбиелік, үлгі-өнегелік, сән-салтанаттық, мәрт-жомарттық, қадір-қасиеттілік нышан белгілері мен таным ұғымдарының үлгі түрлері өте көп.
Мерекелік басқосуда қазақ, ағылшын, орыс, неміс, француз тілдерінде құттықтау тілектер айтылып, өлең оқылып, ән шырқалды.
Байланысшы: Жансая Ашкенова ,тел:261 333 (119)
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26344575
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы