homesemail1sm

Заңгер кеңесі


Read More...

Робототехника 2022


Read More...

Волшебник изумрудного города


Read More...

Ұлы даланың ұлы тұлғалары


Read More...

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы


Read More...

Виртуалды қосымша


Read More...

Біздің Абай


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...

Құжаттардың электронды жеткізілімі


Read More...

Виртуалды анықтама қызметі


Read More...
0123456789
Негізгі бетАрхив новостейНаурыз – көктем елшісі
Қателік
  • Plugin mavikThumbnails needs library GD2

Наурыз – көктем елшісі

Міне, табиғат-ана мен тіршілік атаулының жаңаруының хабаршысындай көрікті мереке әз-Наурыз келіп жетті! Наурыз – Шығыс халықтарының ежелгі мерекесі. Наурыз көңілді ән, би, ойындар мен жарыстар өткізу, бір-біріне сыйлық жасаумен өткізіледі. Қай ел, қандай ерекшеліктерімен тойласа да, Наурызда тек қана жақсылық ниеттер айтылады.

Осы жаңару мен жасампаздық мерекесіне орай кітапхана фойесінде әдемі безендірілген «Қош келдің, мерейлі Наурыз!» атты кітап көрмесі ашылды. Көрменің алғашқы «Қазақ халқының әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері» бөлімінде наурыз тарихы, халқымыздың тұрмыс-салтын әңгімелейтін әдебиеттер ұсынылған: «Наурыз», «Наурызнама», «Дала өрнектері: этнографиялық сипаттамалар», «Қазақ халқының дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары», «Быт и культура казахского народа», «Традиции и обряды казахского народа» «Магия Навруза». Қазақ халқының әдет-ғұрпы, салт-дәстүрлерімен тереңірек танысқысы келетіндер үшін Е.Джелбулдиннің «Традиции и обычаи казахов», А. Сейдімбектің «Мир казахов», «Ағаш бесіктен жер бесікке дейін» кітаптарын оқудың маңызы зор.
«Жеті қазына» - көрменің келесі бөлімі. Оқырмандар этнограф С.Кенжеахметовтың «Жеті қазына», «Саят = Охота», «Қазақ тазысы = Казахская борзая тазы», А. Тоқтабайдың «Культ коня у казахов» кітаптарымен танысып, қазақ халқының жеті қазынасы жайында танымдық ақпарат алады.
Көрменің «Даланың дархан дастарханы» бөліміндегі «Қазақтың ұлттық тағамдары=Национальная кухня казахов=The natіonal cookіng of kazakhs», «Қазақтың дарқан дастарқаны», «Мусульманская кухня» кітаптары арқылы ұлттық тағамдар, наурыз көже әзірлеу рецептілерімен танысуға болады.
Көрменің «Қазақстанның қолданбалы өнері» бөлімінен оқырмандар қазақ халқының ұлттық өнері туралы әдебиеттермен танысады: «Қазақтың қолданбалы өнері», «Изобразительное искусство Казахстана» жинағы, «Новая жизнь древних традиций», Ш.Тоқтабаева Қазақтың киізден бұйым жасау өнері [Мәтін] = Кошмовойлочное искусство казахов = FEIJ ARJ OJ KAZAKHS», «Қазақ халқының ұлттық киімдері = Национальная одежда казахского народа», Х.Арғынбаев «Қазақтың отбасылық дәстүрлері», М.Өмірбекова «Қазақ ұлттық киімінің этномәдени лексикасы», «Қазақстан халықтарының ұлттық киімдері» тағы басқалар.
«Наурыз дәстүрі» бөлімінен әстүрлі ұлттық ойындар туралы кітаптар орын алған. Оқырмандар «Что мы знаем о празднике Наурыз» атты викторина арқылы қазақ халқының салт-дәстүрлері, Наурыз мерекесінің тарихымен таныса алады. Кішкентай оқырмандарды сан алуан өрнектер, түрлі-түсті бояу қарындаштар күтеді.
Баршаңызды наурыз мерекесімен құттықтаймыз! Бейбіт өмір, мерекелік көңіл-күй тілейміз!

karn1 1 karn1 3 karn1 4 karn1 5 karn1 9 karn1 10
 

Байланысшы: Аубакирова Айгуль, тел.: 261-333

 

konvertor

Статистика

  • Қолданушылар : 6
  • Материалдар : 2881
  • Материалды қарау саны : 26344412
t +7(7232) 261-333
p +7(7232) 609-087
m director@pushkinlibrary.kz
h ШҚО, Өскемен қаласы
 Қазақстан к. 102