homesemail1sm

Заңгер кеңесі


Read More...

Робототехника 2022


Read More...

Волшебник изумрудного города


Read More...

Ұлы даланың ұлы тұлғалары


Read More...

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы


Read More...

Виртуалды қосымша


Read More...

Біздің Абай


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...

Құжаттардың электронды жеткізілімі


Read More...

Виртуалды анықтама қызметі


Read More...
0123456789
Негізгі бетАРХИВМарат Қабанбаевтың туғанына 70 жыл: әдеби кездесу
Қателік
  • Plugin mavikThumbnails needs library GD2

Марат Қабанбаевтың туғанына 70 жыл: әдеби кездесу

Бүгін кітапханамыздың жастар интеллек орталығында қонақта болсаңыз, әуелеген виолончель үнін естіп, «Сен 12-ге толғанда» фильмін көріп, кітапты қызу талқылап жатқан балаларды көрер едіңіз. Себебі, бүгін бізде көптеген повестер мен шығармалардың авторы, балалар әдебиетінің көрнекті өкілі, жерлесіміз - Марат Қабанбаевтың 70 жылдығына орай кеш ұйымдастырылды.

Кешке автордың өнерін бағалайтын, сүйетін жас оқырмандар қатысты. Ол туралы жастарға Марат ағамыздың көзін көрген досы жазушы, журналист Ондасын Елубай мен М. Қабанбаевтың жары Сәуле Хамзинамен группалас болған кітапханамыздың өлкетанушысы Зиза Мұхтарханқызы Слямова қызықты әңгімелеп берді.
«Жасау - мен үшін бақыт, өйткені менің барлық әсерлеріммен, ашулар мен қуаныштармен жастармен бөлісемін. Мен жазғанда, қыздар мен ұлдармен бірге жақсылық пен зұлымдық туралы сөйлесемін. Негізінен он екі жастағы балалар туралы әңгімелермен жұмыс істеймін. Мүмкін, Аркадий Гайдарның ықпалы әсер етті ме», - деген екен Марат Қабанбаев шығармашылығы туралы бір сөзінде.
М. Қабанбаев «Ащы дәм» атты алғашқы романында, Марат өз сыныптастарымен соғыстың кесірінен айрылған балалық шағы, жетімдік, соғыстың ауыр дәмі туралы жазады.
М. Қабанбаевтың шығармашылығы балалардың жаңа ұрпақтарына шабыт беруді жалғастырғанына қуаныштымыз. Жазушының шығармашылығына негізделген шығармашылық жұмыстарының байқауын жариялағанымыз соның айғағы.
Осы кеште М. Қабанбаевтың 70 жылдық мерейтойына орай алдын-ала ұйымдастырылған «Үздік шығарма» және «Үздік сурет» номинациялары бойынша байқаудың қорытындысы шығарылды. «Үздік шығарма» номинациясы бойынша 1-ші орынды, Өскемен қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 8 «С» сыныбы оқушысы Бактиярова Амина Ерланқызы иеленді, 2-ші орынды аталған мектептің 7 «Д» сынып оқушысы Асетова Арина иеленсе, 3-ші орынды «№39 орта мектебі» КММ 11 «Б» сынып оқушысы Злобина Софья иеленді.
«Ең үздік сурет» байқауына қатысушылардың арасында 10 мектеп-гимназиясының 6 «В» сынып оқушысы, Сартаева Аминаның, жазушының «Жылдың төрт мезгілі» шығармасы желісі бойынша салынған суретін ерекше атап өтуге болады.
Жеңімпаз балаларға сыйлық ұсынған демеушілер: Өскемен қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мен жеке кәсіпкер Ерғалиев Уәлихан Адилкаримович.
Байқау алдағы уақытта да жалғасатын болады. Келіңіздер, қатысыңыздар! Жұмыстарыңызды This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. поштасына жіберуіңізге болады.

kab 1 1 kab 1 6 kab 1 7 kab 1 8 kab 1 4 kab 1 10

 

Байланысшы:Құдайбергенова Нургуль

Тел.: 26-39-46

konvertor

Статистика

  • Қолданушылар : 6
  • Материалдар : 2881
  • Материалды қарау саны : 26343578
t +7(7232) 261-333
p +7(7232) 609-087
m director@pushkinlibrary.kz
h ШҚО, Өскемен қаласы
 Қазақстан к. 102