Рухани жаңғыру: Қазақстанның әскери ісінің тарихы
- Толығырақ
- Құрылды 26.04.2018 14:19
2018 жылы 2 мамырда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында А.С.Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында Қазақстанның әскери ісі тарихына арналған кездесу өткізіледі. Кездесуге мерзімді әскери қызмет жауынгерлері, кадет оқушылары және еліміздің әскери тарихына қызығушылар қатысады.
Кездесу А. К. Кушкумбаевтың «Военное дело казахов в XVII-XVIII веках» монографиясы, А. Тасбулатов пен К. Аманжоловтың Қазақстанның әскери тарихы туралы очерктері, М. К. Томпиев пен М. И. Уәлидің «Шекара шегін айқындау дәуірі/Эпоха обретения границ» атты қазақ және орыс тілдеріндегі кітаптары негізінде әзірленді. Қатысушылар Қазақ хандығы аумағын қалыптастыру кезеңіндегі батырлар мен шайқастар, қолданылған қару-жарақтар, әскери тактикалар туралы мағлұматтар алады.
Жаңа кітаптар арасынан Берік Әбдіғалиұлының «Войско Алаш» кітабы ерекше, онда автор мемлекеттік архив құжаттары негізінде Алаш әскері тарихының негізгі белестерін, оның жоспарлары мен әскери құрамалары, әскери міндеттемелерін, ақ гвардияшылар және қызыл армиямен өзара байланысын сипаттап, баяндайды.
Сонымен бірге, кітап авторы, тарихшы және саясаткер Берік Бақытұлы Әбдіғалиевпен онлайн жүздесу болады. Мұнда автор жаңа кітабын әзірлеу барысында жүргізген зерттеулері, материал жинауға көмектескен серіктестері жайында әңгімелеп, ерекше әсерлері және тың жаңалықтарымен бөліседі.
Есімі аңызға айналған командир, Кеңес Одағының батыры Бауыржан Момышұлының қолбасшылық таланты, әскери шеберлігі, ақылы мен зердесі Қазақстанның әскери тарихына ерекше із қалдырды. 1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысының отты жылдарында Кеңестер Одағы, сондай-ақ, Қазақстанның барша әскери және майдан, орталық газет-журналдары комбат Момышұлы феноменін әңгімеледі. Олар алғы шептегі командирдің өз батальонын бірнеше мәрте жау қоршауынан аман алып шығып, ерекше олжамен кеңес жауынгерлеріне қосқандағы керемет қолбасшылық дарыны жайында жазды.
Әрине, еліміздің әскери тарихында «екінші мұсылман батальоны» аталған КСРО Бас штабының Барлау басқармасының арнайы 117-ші Жеке отрядының алатын орны ерекше. Бұл батальон 1980 жылы құрылып, Ауғанстанда Шектеулі контингент құрамында іс-қимылдар жасады. Кездесуге қатысушылар Қара майор – Борис Төкенұлы Керімбаев және оның аңызға айналған отряды, олардың Ауғанстан жеріндегі ұрыста ата-бабаларымыздың соғыс тактикасын пайдаланғаны туралы тың деректермен танысады. Бұл тақырыпты Өскемен қаласындағы Ауған жауынгерлері Қоғамының өкілдері жалғастырады.
Ал, еліміздің бүгінгі Қарулы Күштері қандай бағытта әрекет етеді? Қазіргі әскери өмір, Отан Қорғау Күні және Жеңіс Күні қарсаңындағы мерекелік шеруге әзірлік жайында Өскемен қаласының әскери бөлімдерінің өкілдері әңгімелеп, еліміздің келешек жауынгерлері – кадет оқушыларының сұрақтарына жауап береді. Осындай маңызды кездесулер жас ұрпақтың патриотизм, туған жерге деген сүйіспеншілік сезімдердін тәрбиелеп, Еліміздің әскери тарихын танып білу барысында жастардың жігері мен рухын көтереді.
Байланысшы: Меруерт Кемешева, т. 26-13-33 (ішкі № 123)
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26350079
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы