Мемлекеттік онлайн қызметтер денсаулық сақтау саласында
- Толығырақ
- Құрылды 30.05.2018 17:35
Цифрлық дағдыны дамыту әр қазақстандықтың бәсекеге қабілетінің құрамдас бөлігінің бірі. Халықтың цифрлық сауатын дамыту көрсеткіші – алынған электрондық қызмет түрлері санының өсімінен көрінеді.
30 мамырда А.С.Пушкин кітапханасында «Egov порталының онлайн-қызметтері денсаулық сақтау саласында» тақырыбында семинар-тренинг өтті. Семинар халықтың цифрлық сауаттылығын дамытуға бағытталған іс-шаралар циклының жалғасы. Іс-шараға медицина қызметкерлері, оқытушылар, мемлекеттік қызметкерлер қатысты.
Қалалық ЦОН (халыққа қызмет көрсету орталығы) мамандары қатысушыларды Электронды үкімет – Еgov қызметі, құрылымдары, ұсынатын қызметтерімен таныстырды. Тыңдаушылардың назары ең алдымен Еgov порталымен жұмыс жүргізуге қажетті NCELAYER бағдарламасын компьютерге орнатудың маңыздылығына аударылды.
Семинар-тренингке қатысушы әр адамға NCELAYER бағдарламасын орнату, электронды цифрлық қолтаңба (ЭЦП) алуға өтініш беру, Еgov порталына тіркелу, денсаулық саласына мемлекеттік қызмет түрлерін алу, басқа да қызмет түрлері: мекен-жай анықтамасы, сотты болмағаны туралы анықтама, зейнетақы қорына аударымдар т.б. өтініш беру жаттығулары жүргізілді.
Сонымен бірге, Еgov порталында ұсынылған денсаулық сақтау саласы қызметтерін пайдалану жөнінде және порталы арқылы банктік төлем карталарын пайдаланып коммуналдық төлемдер төлеу және ақылы қызмет мәселелері бойынша кеңестер берілді.
Байланыс тел.: 60-89-80
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26350079
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы