«Өр Алтайдың кербез жыршысы»
- Толығырақ
- Құрылды 22.09.2018 18:14
Туған өлкесі әсем Алтайдың, асқақ Алтайдың жыршысы, жазушы Оралхан Бөкей көзі тірі болса 75 жасқа толар еді. 7 қыркүйек 2018 жылы кітапханада жазушы Оралхан Бөкейдің туғанына 75 жыл толуына орай «Өр Алтайдың кербез жыршысы» атты әдеби -музыкалық кеш өтеді.
Табиғаты тамылжыған таулы өлкеде туып-өскен жазушының шығармашылығы оқырман қауымға жақсы таныс. Публицистика, поэзия, проза жанрларын әдемі тоғыстырған қазақ әдебиетінің жаңашыл дара жазушысы өз ортасының шындығын, туып-өскен жерінің тамаша табиғатын, қарапайым халқының тұрмыс-тіршілігін бейнелеген.
Кеш барысында Оралханның замандасы, жазушы Ә. Қаңтарбаев тамаша естеліктерімен бөліссе, О.Бөкей атындағы 44 мектеп оқушылары жазушы шығармашылығынан көрініс қоймақ. Оралханның ерекше қасиеттері сараланып, бейнетаспаға жазылған сөздері тыңдалады. Кешке О. Бөкей атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің 2015 жылғы республикалық байқауының бас жүлдегері Ғылымхал Манай қатысады.
Жазушы өмірі мен шығармашылығына арналған ауқымды кітап көрмесі кездесу шырайын ашып, туған өлке табиғатына деген мақтаныш сезімін туғызады.
Байланысшы: Кемешова Меруерт, тел. 261-333
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26343151
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы