Рухани жаңғыру "Жүрек қалауы солай болған"
- Толығырақ
- Құрылды 19.10.2018 17:45
19 қазанда сағат 15.00-де кітапханада «Жүрек қалауы солай болған"/ "Так нам сердце велело» жаңа кітап-фотоальбомының тұсаукесері өтті. Жаңа кітап – комсомол ұйымының 100 жылдығына орай шығарылып, 20-шы ғасырдағы Шығыс Қазақстандағы жастар қозғалысының өкілдеріне арналған.
Шығыс Қазақстан облыстық комсомол ұйымының ардагерлері бойларында жастардың энергиясын, идеалдарына деген адалдықтарын, рухани жанашырлығын сақтаған жандар. Олар өз бойларындағы асыл қасиет, өмірлік тәжірибесімен жастармен бөлісті.
Тарихи фотоальбомда комсомол ардагерлері өздерінің руханилығы, ынта-жігері, болашаққа деген шынайы сенімдері бейнеленген жастық шақтарының фотосуреттерін жинаған. Олардың табиғи болмысы, күш-жігері, қарым-қабілеті әр суреттен айқын аңғарылады. Уақыт қаһармандарының өміріндегі жарқын оқиғалардың үнсіз куәгерлері - альбомдағы фотосуреттер күнделікті өмірді, қуаныш, бақыт пен Отанымыздың ұлы істеріне қатысты сезімдерді көрсетеді.
Басқосуда фотоальбомның автор-құрастырушы Александр Григорьевич Самойлов, суретші-дизайнері Петр Иосифович Лопатин сөз алып, қонақтарды басылымның шығу тарихымен таныстырды. Тарихи басылымда майдан жылдарындағы анасының суреттері бейнеленген ардагер Байбатчин Ертай Әубәкірұлы, тұрақты оқырманымыз Аубакирова Ленста Рахымжанова сөйлеп, фотоальбом туралы, суреттердегі өткен жылдардағы шынайы тарихи оқиғалар, комсомол өмірінің ұмытылмас беттері бүгінгі жастарға ұрпақтар сабақтастығы туралы өз ойларымен бөлісті.
Іс-шара соңынан тарихи фотоальбомның жарыққа шығуына қолдау көрсеткен А.С. Пушкин атындағы кітапхана, О. Бөкей атындағы ОКЖ, ШҚ облыстық мұрағат, ШҚ облыстық тарихи өлкетану мұражайы, Шемонаиха қаласын тарихи-өлкетану мұражайына алғыс хаттар мен «Жүрек қалауы солай болған" кітап-фотоальбомы сыйға тартылды.
Ардагерлер Отан игілігі үшін атқарған еңбектерін өз ұрпақтарына фотоқұжаттар арқылы естелікке қалтырды. Фотосуреттердегі тұлғалардың жүзіне үңіліп, олар үнсіз сақтап қалған сырды сезініп, ойлануға тырысайық.
Жаңа басылымды кітапхананың оқу залынан алып, таныса аласыздар!
Байланысшы: Жансая Ашкенова
Тел.: 26-39-46
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26338067
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы