Рухани жаңғыру: «Мұхтар Әуезов. Әлем тілдерімен үндестігі»
- Толығырақ
- Құрылды 20.10.2018 20:03
25 қазан күні сағат 15.00-де кітапханада Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» романы аудармаларының әдеби бенефисі өтеді. Қазақ әдебиетінің шоқтығы биік шығармасының бірі, XIX ғасырдағы қазақ өмірінің энциклопедиясы – «Абай жолы» әр тілде сөйлейді: қазақ, орыс, ағылшын, неміс, француз, қытай, венгр, моңғол ...
Алғаш рет 1942 жылы жарық көрген Әуезовтың романы аударма арқылы Қазақстан ғана емес, көптеген шет мемлекеттерге кеңінен танылды. Бүгінгі таңда «Абай жолы» эпопеясы әлемнің 116 тіліне аударылған. Роман-эпопея оқырман қауымның алғашқы махаббат, туыстық, достық қарым-қатынас,лирикалық сезімдерін қозғайды. Мұхтар Әуезов көшпелі қазақ өмірінің ерекшелігін, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін, Абай жүрегінде ақындық және ән өнерінің ашылуын суреттейді. Әуезов әлемдік классикалық шығармадан кем түспейтін романында маңызды портреттердің тұтас галереясын, алапат күштер айқасын, ащы шындық пен әділеттің өткір сәттерінашады. Асау Ертіс, Шыңғыстау мекені, дала поэзиясы – бәрі жазушының өмірі мен шығармашылық дарынының берік негізін қалады.
Ұлы Абайдың өмірі мен тағдыры, оның ақындық ғұмыры, философиялық мұрасы терең ойлы аудармашылар мен оқырмандардың назарын әрдайым аударады.Ренессанстық типтегі ақын, Гете және Пушкинге үндес жазатын Абай Шығыс және Батыс өркениетінің мәдени құндылықтарын қабылдауға ашық болды. Ол өткен мен бүгінді, әлемдік мәдениеттің үздік үлгілерін өзара байланыстырды. Белгілі қазақстандық аудармашы және әдебиеттанушы Герольд Белгер: «Әуезовты тыңдау рақат: оның сөйлеген сөзі номадтардың терең дәстүрлеріне негізделген тылсым күшпен арбайды» - деп бағалаған. МұхтарӘуезов өзі туып-өскен қасиетті мекенін әлемдік тарих контексінде қабылдады, ал ол жазушының роман-эпопеясынан кеңінен көрініс алды.
Бүгінгі күні Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» бүкіл әлемге салтанатты шеруге шығып, оқырман құрметіне бөленуде. А.С.Пушкин атындағы кітапхана да осындай маңызды үдеріске өз үлесін қосып, қазақ халқының бай әдеби мұрасына бүкіл әлем халқының назарын аударып, таныстыруда. Оқырмандар Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» романын “Біздің Абай/ Наш Абай” электрондыкітапханасынан (http://abai.pushkinlibrary.kz) араб, ағылшын, башқұрт, латыш, литва, эстон, моңғол, чех, неміс тілдерінде оқи алады.
Бұл –әдеби және мәдени, рухани байланыстардың жарқын көрінісі.
Іс-шараға филологтар, мұғалімдер, студенттер, жоғарғы сынып оқушылары, кітапханашылар, журналистер, жазушылар мен ақындар, әдеби бірлестіктер мүшелері қатысады.
Байланысшы: Жанна Сакпанова, тел.: 261-333 (ішкі. 123)
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26336497
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы