Рухани жаңғыру: «Абай жолы» романы аудармаларының әдеби бенефисі
- Толығырақ
- Құрылды 25.10.2018 17:41
«Абай жолы» – қазақтың көркем прозасын классикалық деңгейіне көтеріп, әлем әдебиетіне көркемдік қуат әкелген үздік туынды. Әуезов өзінің роман-эпопеясында қазақ халқын, оның ұлттық дәстүрін барлық қырынан энциклопедиялық деңгейде жан-жақты ашып көрсетті. Роман-эпопея 1971 жылы «Әлем әдебиеті кітапханасына» кірді.
Алғаш рет 1942 жылы жарық көрген Әуезовтың романы аударма арқылы Қазақстан ғана емес, көптеген шет мемлекеттерге кеңінен танылды. Бүгінгі таңда «Абай жолы» эпопеясы әлемнің 116 тіліне аударылған.
Бүгін 25 қазан күні кітапханада Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» романы аудармаларының әдеби бенефисі өтті. Қазақ әдебиетінің шоқтығы биік шығармасының бірі, XIX ғасырдағы қазақ өмірінің энциклопедиясы – «Абай жолы» қазақ, орыс, ағылшын, неміс, француз, қытай, венгр, моңғол ... тілдерінде сөйледі
Іс-шараға филологтар, мұғалімдер, студенттер, жоғарғы сынып оқушылары, кітапханашылар, журналистер, жазушылар мен ақындар, әдеби бірлестіктер мүшелері қатысты. Әдеби басқосуда ұлы ақынның өлеңдері қазақ, орыс, ағылшын, француз, қытай, неміс тілдерінде ұсынылды. Кітапханамыздың виртуалды оқырмандарынан Цюрих, Рига, Стамбул қалаларынан бейнежазба арқылы келген ақын өлеңдері де көрерменге ұсынылды.
Ермек Мұқатай Тасболатулы - ШҚО «Халифа Алтай»Орталық мешітінің бас имамы:
М. Әуезов өзінің төрт томдық «Абай жолы» арқылы бүкіл дүние жүзіне, қала берді - өз отандастарына, тіпті - қазақтардың өзіне қазақ дегеннің кім екенін танытты. Дәлірек айтқанда, қазақ халқының ұлылығын - оның өткен өмірін - тарихын, тарихының түбірлі кезеңдерін, қазақ мінезі қалыптасқан трагикалық Һәм шығармашылық дәуірлерді ғажайып көркемдік күшпен жарқыратып, ашып, жан-жақты айқындап, терең түсіндіріп берді.
Кемешева Меруерт, библиограф:
2014 жылдан бастап кітапханамыз «Біздің Абай» ”(http://abai.pushkinlibrary.kz) электрондық кітапханасын жасауды қолға алған. Бұл электрондық кітапханада Абайдың раритеттен бастап заманауи басылымдарға дейінгі мұрасын толық қамтуға тырыстық. Электронды форматтағы абайтануға байланысты әдебиеттерді 27 тілде және Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» романын әлемнің 10 тілінде оқи аласыздар.
Құрметті оқырмандар! Келіңіздер, Оқыңыздар! Сіздер үшін есігіміз үшін әрқашан ашық!
| |
|
||||
|
|
|
|
|
|
|
Байланыс тел. 261 333; 26-39-46
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26336017
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы