Рухани жаңғыру: Семей қаласының тарихына экскурс
- Толығырақ
- Құрылды 26.10.2018 18:03
2 қараша күні сағат 15.00-де А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханада Қазақстанның рухани Меккесі - Семей қаласының тарихына байланысты сұрақ жауап кеші өтеді. Семей – Абай Құнанбаев, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Мұхтар Әуезов сынды талантты, танымал тұлғалардың отаны.
1918 жылы Семей қаласы ресми түрде Алаш автономиясының астанасы деп жарияланып, қалада Әлихан Бөкейхановтың басшылығымен Алаш-Орда үкіметі орналасты. Кездесу қонақтары Семей қаласының тарихына байланысты басқа да ғажайып фактілер және ақпараттармен таныс болады.
Іс-шараға қатысушылар Семей қаласының Қазақстанды Ресей және Орталық Азиямен ғана емес, сонымен қатар Батыс Қытаймен байланыстыратын сауда орталығына айналу себептерін білетін болады. Қонақтар кеш жүргізушісімен бірге аңызда айтылғандай Семей қаласының Затон аумағына жасырған Анненковтың алтынын іздеп, өткен ғасырдағы Семей гимназистерінің ізімен жүріп өтеді.
1913-1914 жылдары дәл осы Семей қаласында алғашқы қазақстандық футбол командалары пайда болды. «Ярыш» футбол командасының қатысуымен бірінші халықаралық жарыс өткен алаң қайда орналасқан? Алғашқы қазақстандық футболшылардың фотосуреттерін, соның ішінде осы команда құрамында болған «Абай жолы» романымен елімізді әлемге танытқан танымал жазушы жас М.Әуезовтің суретін қайдан көруге болады?
Осы және басқа да сауалдарға кеш қонақтары жауап береді. Семей қаласының жаңа тарихы бойынша құжаттар Орталығының өкілдері бұрынғы Алаш автономиясының астанасы туралы тың мәліметтер ұсынады. Ал, белгілі блоггер, ҚР Жастар мәслихатының депутаты Жасұлан Құрманғалиев қазіргі Семей қаласының жаңа келбетін авторлық бейнеролик арқылы көрсетеді.
Бұл қаланы қай жағынан алсаңыз да құнды, құпиялы деректерге толы: ерекшелігімен есте қалар тарих, танымал тұлғалар...
Кітапхана барлық өлкетанушыларды, тарихшыларды, мұражай мен мұрағат қызметкерлерін, мұғалімдер, оқушылар мен студенттерді, журналистерді осы тарихи кешке қатысуға шақырады.
Байланыс: Омарова Асель, тел. 261333
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26324754
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы