Рухани жаңғыру: «Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра!»
- Толығырақ
- Құрылды 31.10.2018 12:11
31 қазан күні сағат 15.00 де Домбыра жасаудың хас шебері, жерлесіміз Жолаушы Тұрдығұловпен кездесу болады. Ж.А. Тұрдығұловтың жасаған саз аспаптары Қазақстанның өнер қайраткерлерінің қолынан табылып қана қоймай, Германия, Жапония, Қытай, Монголия, ТМД елдерінен кездестіруге болады. Америкада ашылған Әлем музыка аспаптарының мұражайынан шебердің екі домбырасы орын алды.
Қолынан шыққан 2000-нан астам домбыра, 100-ден астам қобыз және 20-дай же
тіген аспаптары қазіргі кездегі есімдері елімізге танымал жұлдыздарымыздың қолында жүр. Кездесу барысында, Жолаушыны зерттеп, жазып жүрген журналист Болат Салықбаев, Жолаушының шәкірті Амангельды Смагулов, еңбек жолын бірге бастаған әріптесі Қарагөз Болатовалар келіп естеліктерімен бөліседі. Ағайынды Абдуллиндер атындағы Өнер колледжінің студенттері Жолаушы жасаған домбырамен күй шертеді.
Бүгінгі қазақ зиялыларының өзі хан, би- шешендер, ақындар мен батырлар, бұхара халық домбыра аспабының негізінде тәрбиеленіп, өзінің ұлттық мәдениетін құрметтеуге ерекше мән беруде.
«Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы аясында қоғамды ұлттық мәдениет пен бірегейлікті сақтау мен қайта жаңғырту идеясының төңірегінде одан әрі топтастыру мақсатында Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық домбыра күні туралы жарлыққа қол қойды. Осыдан былай Ұлттық домбыра күні жыл сайын шілденің бірінші жексенбісінде аталып өтетін болады. Осылай ұлттық аспабымыз ұлықталып жатқанда домбыра жасау шеберімен кездесу жас ұрпаққа ой салып, ұлттық құндылықтарымызды құрметтеуге шақырары анық.
Кездесуге домбыраға деген қызығушылығы бар жастарды, өнер сүйер қауымды шақырамыз.
Қазақтың киелі домбырасын жасаудың қыр-сырын біліп, көкейдегі сұрақтарыңызға жауап алғыңыз келсе, кездесуге асығыңыз!
Байланысшы: Кемешева Меруерт
Тел.: 26-39-46
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26323278
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы