Жолаушы Тұрдығұловпен кездесу
- Толығырақ
- Құрылды 01.11.2018 14:55
31 қазан күні сағат 15.00 де Ұлттық аспаптар жасаудың хас шебері, жерлесіміз Жолаушы Тұрдығұловпен кездесу болды. Ж.А. Тұрдығұловтың жасаған саз аспаптары Қазақстанның өнер қайраткерлерінің қолынан табылып қана қоймай, Германия, Жапония, Қытай, Монголия, ТМД елдерінен кездестіруге болады. Екі домбырасы Америкада Әлем музыка аспаптары мұражайынан орын алған. Шебердің қолынан шыққан 2000-нан астам домбыра, 100-ден астам қобыз және 20-дай жетіген аспаптары қазіргі кездегі есімдері елімізге танымал жұлдыздарымыздың қолында жүр.
Болат Салықбаев : Жолаушы – менің жас күнімізден жақсы білетін жерлесім, табиғаты әсем, масаты Марқа өңірінің тумасы. Көп жылдан бері Алматыда тұрады. Абай атындағы Қазақ ұлттық университетінде қызмет етеді. Жолаушымен алғаш танысқан адам сөйлесе, сырласа келе оның бойына шын мәнінде қазақтың дархан даласының сазын, бабалар үнін, құлақтан кіріп бойды алар әуенін жүрегімен сезінген жан екенін көрерменге жеткізді.
Оңдасын Елубай: Жолаушыға өзінің ақ тілегін білдіріп, Құрманғазының «Балбырауын» күйінің шығу тарихына тоқталып, күйді орындап берді.
«Ағаш бұтағымен, ұстаз шәкіртімен көрікті» дегендей Жолаушы ұлттық өнерді сүйетін жас таланттарды өз жанына топтастыра білген ұстаз. Жолаушының шәкірті Амангельды Смағулов, Өнер колледжінің студенті Санат Амантай, оқушы Бурахан Расул Жолаушы жасаған домбырамен күй шертіп, өлең айтып көрерменді таң қалдырды.
Смирнова Зоя Ивановна: Жолаушы менің жалындаған жастық шақты бірге өткізген досым. Оның мектеп бітіре салып, мұғалім болғанының куәгерімін. Сол кезден білгем, Жолаушының сегіз қырлы бір сырлы азамат болатынын. Ешбір қолдаусыз, өзінің адал еңбегімен, шеберлігінің арқасында үлкен жетістіктерге жетіп жүрген азамат. Өнер жолын Марқакөлде бірге бастап, бір ансамбльде Москваға дейін барып өнер көрсеткеміз. Жолаушы хас шебер ғана емес, сонымен бірге азаматтығы асқақ, адамгершілігі биік жан.
Жолаушының жары Рабилева Зоя мен апайы Майкен жүрекжарды тілектерін айтып, жақсы істердің бастауы болып отырған А.С. Пушкин атындағы кітапхана ұжымына алғыстарын білдірді.
Домбырам, жүрегіммен үндес едің,
Сенімен сырласымдай тілдесемін.
Бабамнан қалған мұрам, сен болмасаң
Өнердің не екенін білмес едім,-деп ақын Мұқағали жырлағандай, жүрегімізге үндестік пен сырластық сыйлайтын киелі домбыраның мәңгілік екеніне көзіміз жеткендей болды.
Шырайлы Шығыстың өнер сүйер жұртшылығы Жолаушыдай мақтан тұтар азаматына ұзақ ғұмыр тілеп, өздері де рухани жаңғырып, бір серпіліп қалысты.
Уалханова Рақия Нұралықызы
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26324086
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы