Кітапханадағы Бүкіләлемдік сапа күні
- Толығырақ
- Құрылды 08.11.2018 17:22
Әлемді өзгерткің келсе - өзіңінен баста. Осындай ұранмен 8 қарашада кітапханада өнеркәсіптік кәсіпорын, сертификаттау және метрология өкілдерімен бірге Дүниежүзілік сапа күні атап өтілді.
Сапа – кез келген мемлекеттің немесе кәсіпорынның табыс көзінің кілті. Халықаралық қоғамдастық жыл сайын қараша айының екінші бейсенбісінде Дүниежүзілік сапа күнін атап өтеді.
Өнімнің сапасы мен қауіпсіздігі мәселелері Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылдың 5 қазанында өткен Қазақстан халқына Жолдауының басты тақырыбы болды.
Фестивальде облысымыздың кәсіпкерлері бас қосып, тәжірибе алмасты. Кездесу соңынан үздік кәсіпкерлер дипломдармен марапатталды.
Шагиева Бибигуль Жамбыловна, А.С.Пушкин атындағы кітапхана директорының орынбасары:
«Әдетте бұл мереке өнеркәсіп тауарлары мен өнімдерінің сапасына байланысты. Біз бұл күнді кітапхана қызметінің сапасымен байланыстырамыз. Сапа мәселесі қазіргі заманғы экономиканы дамытудағы басым мәселелердің бірі болып табылады. Кез-келген кәсіпорынның, ұйымның, мекеменің және тұтастай алғанда мемлекет жетістігінің табысы қызметтердің сапасына байланысты. Осы жағынан алғанда біздің кітапхана қызмет сапасына көп көңіл бөледі. Ол дегеніміз үздіксіз білім беруді қолдау, өзін-өзі дамыту, білім беру үдерісін қолдау және шығармашылық қабілеттерін дамыту сияқты ақпараттық қызметтер.
Кітапхананың қызметі қандай, ол табысты өмір сүруге, жұмыс істеуге, перспективалық қызметкер болуға, табысты мансапқа жетуге қаншалықты көмектеседі? Бүгінгі күні осы сауалдарға жауап алып, біздің пайдаланушылардың бағалауын білуге мүмкіндігіміз бар.
Біз қызметтердің сапасын жақсарту мақсатында үнемі жұмыс істейміз. Оқырман үшін, жеке тұлғаларға ғана емес кәсіпорын, мекемелерге де жайлы жағдай жасауға тырысамыз. Біз жан-жақты қызметтестікке қашанда даярмыз.
|
|
|
|
|
|
|
Байланысшы: Жансая Ашкенова,тел 261 333, ішкі.119
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26332832
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы