«Қазақстанның 100 жаңа есімі» Ұлттық жобасына үміткер - жас ғалыммен кездесу
- Толығырақ
- Құрылды 11.11.2018 12:27
Халықаралық студенттер күні қарсаңында, 2018 жылы 14 қараша күні, сағат 15.00-де А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ұжымдық пайдаланудың Ұлттық зертханасының меңгерушісі, физика және технология кафедрасының доценті, өнертапқыш, PhD докторы, Қазақстанның талантты жас ғалымдарына арналған Мемлекеттік ғылыми шәкіртақы иегері, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» Ұлттық жобасына үміткер - жас ғалым, жерлесіміз Бауыржан Рахаділовпен кездесу өткізіледі.
Мемлекет басшысының «Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту» атты бағдарламалық мақаласында замануи техноголиялық революция білімге жалпы табыну деп атап көрсетілген. Жас ғалымның материалтану және конденсирленген физикалық күй саласындағы үздік қадамы қазақ жастары үшін табыстылық, бәсекеге қабылеттілік, прагматикалық көзқарас пен білімге құлшыныстың тамаша және нақты үлгісі болып табылады.
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ұжымдық пайдаланудың Ұлттық зертханасының меңгерушісі, физика және технология кафедрасының доценті 3 оқулық пен 100-ден астам ғылыми жариялымның авторы, оның ішінде 20 мақаласы шетелде жарияланған, сондай-ақ 15 авторлық куәлік тіркеген.
Ғылыми жұмыстарының негізгі нәтижелері Қазақстан мен шетелде өткен 30 халықаралық және республикалық конференцияларда семинарларда және форумдарда баяндалып, 1,2 дәрежелі дипломдармен марапатталған.
Жаратылыс ғылымдарының магистрі, «Техникалық физика» мамандығы бойынша (PhD) философия докторы Б.Қ. Рахәділов Польша мен Германияның университеттерінде тағылымдамадан өтті.
Б.Қ. Рахәділов С. Аманжолов атындағы ШҚМУ базасында «Беттер инженериясы және трибология» ғылыми-зерттеу орталығын ашқан, онда 2 PhD докторы, 5 PhD докторант, 6 магистрант және 5 студенттен тұратын Б.Қ. Рахәділовтың ғылыми тобы құрылған. С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ұжымдық қолданыстағы Ұлттық ғылыми зертханасында жұмыс істей жүріп, Б.Қ. Рахәділов ғылыми жұмысын педагогикалық қызметімен оңтайлы үйлестіреді және студент, магистрант және PhD-докторанттарға ғылыми жетекшілік етеді.
Семей қаласының 2009 жылғы Шәкәрім атындағы университетінің түлегі, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасына Шығыс Қазақстаннан үміткерімен кездесуге қаланың ЖОО, колледж студенттері мен мектеп оқушыларын шақырамыз.
Байланыс: Қалиева Бақытгүл
ұ.т. 8 701 104 30 60
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26600333
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы