homesemail1sm

Заңгер кеңесі


Read More...

Робототехника 2022


Read More...

Волшебник изумрудного города


Read More...

Ұлы даланың ұлы тұлғалары


Read More...

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы


Read More...

Виртуалды қосымша


Read More...

Біздің Абай


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...

Құжаттардың электронды жеткізілімі


Read More...

Виртуалды анықтама қызметі


Read More...
0123456789
Негізгі бетАРХИВЕЛБАСЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАНДА
Қателік
  • Plugin mavikThumbnails needs library GD2

ЕЛБАСЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАНДА

Тұңғыш Президент Күні қарсаңында,29 Қараша күні кітапханада «жанды хроника» форматында өткен кездесу салтанатты түрде әнұранмен ашылды.

Алғашқы сөз кезегін алған «Нұр Отан» партиясының ШҚОФ-ның бірінші орынбасары Мұхтарханов Әнуарбек Мұхтарханұлы қонақтарды мерейлі мерекемен құттықтап, ізгі тілектерін білдірді.
Кездесуге журналистер, жазушылар, студенттер, оқушылар, мемлекеттік қызметкерлер, жасотандықтар келді.
Кездесуде Елбасының Шығыс Қазақстанға жұмыс сапары барысында жүздескен тұлғалардың әңгімелері арқылы раритеттік кадрлар көрсетілді. Естеліктер хронологиясы Нұрсұлтан Әбішұлы Президент болып сайланған 1991 жылдан бастап, қазіргі күнге дейінгі кезеңді қамтыды. .

Кездесу қонақтары – «Шабыт» фестивальінің лауреаты Нәбиолда Кемешев, Өскемен қаласының құрметті азаматы Вера Сухорукова, ҚАЕУ президенті, Өскемен қаласының құрметті азаматы Ережеп Мәмбетқазиев, «Казцинк» ЖШС кәсіподақ комитетінің төрағасы Сергей Солдатов, Филология ғылымдарының кандидаты, С.Аманжолов атындағы ШҚМУ профессоры, «Говарить как Назарбаев» кітабының авторы Люция Абдуллина, «Балапан» балалар орталығында болғанда Елбасының батасын алған бүгінде № 46 мектептің оқушылары Абай мен Аблай Президентпен кездесуден алған әсерлерімен бөлісті.
Президентпен кездескен адамдардың естеліктерін Елбасының Шығыс Қазақстанға келген сәтін бейнелейтін қызықты фотосуреттер-бейнежазбалар алмаса көрсетті.
Мемлекет басшысымен кездескен Облыстық Достық үйінің алғашқы меңгерушісі Сара Мамиева, Ана мен бала Орталығының директоры Ермек Омарбеков, №1 қалалық аурухананың бас дәрігерінің орынбасары Мұрат Нұрбикенов, Абай ауданының тұрғыны Әсет Медеухановтың еселіктері кітапхана мамандары дайындаған видеожазбалар арқылы тыңдалды.
«Астана» телеарнасының тілшісі Ирина Якунина Елбасымен кездесуін эмоциялық естеліктерімен бөлісіп қана қоймай, республикалық байқауда үздік атанған Нұрсұлтан Назарбаев туралы өзінің бейне-ролигин көрерменге ұсынды.
Президентпен кездесу құрметіне ие болған автокөлік жасау зауыты және ШҚО басқа да мекеме, кәсіпорындарының мамандары да шараның сыйлы қонақтары болды. Ал Қазақстан Теңге сарайы, Қазмырыш, Үлбі металлургия зауытының мұражай қызметкерлері өз жәдігерлерін ұсынды.
Қатысушылардың әңгімелерін үлкен мерекелік көрме-экспозиция толықтырып, кездесуге ерекше рең берді. Мұнда Тұңғыш Президент Кітапханасының Аймақтық оқу залы топтамасынан алынған кітаптар, Ұлт Көшбасшысының облысқа іссапарларымен байланысты мерзімді басылымдарда жарияланған мақала, фото- және бейнеқұжаттар ұсынылды.
Нұрсұлтан Назарбаев біздің облысқа келген бір сапарында «Маған Шығыс Қазақстан ұнайды!» - деп ағынан жарылған болатын. Осы қарапайым сөзден еліміздің Тұңғыш Президентінің Шығыс Қазақстанмен қарым-қатынасының мән-мазмұны – ортақ жетістіктер, проблемалық ахуалдардың шешімі, мақтаныш, өзара сыйластық айқын көрініс тапқан.
Мерекеде «Нұр Отан» партиясына жаңа қабылданған азаматтарға партиялық билеттер тапсырылды.

den presid 1 1 den presid 1 3 den presid 1 7 den presid 1 6 den presid 1 9 den presid 1 10
 den presid 1 4 den presid 1 5  den presid 1 8  den presid 1 11 den presid 1 17  den presid 1 12
 den presid 1 13  den presid 1 14  den presid 1 15  den presid 1 20  den presid 1 22  den presid 1 21

 

Ж. Ашкенова Тел.261 333,(119)

konvertor

Статистика

  • Қолданушылар : 6
  • Материалдар : 2881
  • Материалды қарау саны : 26343578
t +7(7232) 261-333
p +7(7232) 609-087
m director@pushkinlibrary.kz
h ШҚО, Өскемен қаласы
 Қазақстан к. 102