homesemail1sm

Заңгер кеңесі


Read More...

Робототехника 2022


Read More...

Волшебник изумрудного города


Read More...

Ұлы даланың ұлы тұлғалары


Read More...

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы


Read More...

Виртуалды қосымша


Read More...

Біздің Абай


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...

Құжаттардың электронды жеткізілімі


Read More...

Виртуалды анықтама қызметі


Read More...
0123456789
Негізгі бетАРХИВРухани жаңғыру: «Оқу көшбасшысы» және «Тарихи фото» конкурстарының қорытындысы
Қателік
  • Plugin mavikThumbnails needs library GD2

Рухани жаңғыру: «Оқу көшбасшысы» және «Тарихи фото» конкурстарының қорытындысы

2018 жылдың 21 желтоқсан күні сағат 15.00-де А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханада «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткен «Оқу көшбасшысы» және «Тарихи фото» атты жылдың ең тамаша, есте қаларлық конкурстарының қорытындысы шығарылады.    

Салтанатты ашылу рәсімі қазылар алқасының «Оқу көшбасшысы - 2018» конкурсының қорытындысын жариялау және үш жас санаты бойынша жеңімпаздарды марапаттаудан басталады.
Өскемен қаласы білім бөлімінің қолдауымен кітапхана 2-ші жыл өткізіп отырған Үздік оқырман конкурсына 400-ден аса мектеп оқушылары қатысты. Конкурс шарты бойынша 6 – 17 жас аралығындағы оқушылар қазылар алқасына оқыған кітаптарының тізімі мен оқыған шығармалары туралы эссе, презентация, бейнероликтер  ұсынды.  
Жылдың Үздік оқырманы конкурсы кейбір қатысушылар үшін ғажайып оқу әлеміне жетелеп, шығармашылық қабілетін шыңдап, шексіз қиял әлеміне жол ашуға бастама болады деп үміттенеміз.
Салтанатты рәсімнің екінші бөлімі – «Тарихи фото» конкурсының қорытындысын жариялау бұдан да тартымды болмақ. 100-ден аса шығысқазақстандықтар конкурсқа өткен ғасырдағы сәттер, оқиғалар мен құбылыстар бейнеленген тарихи кадрларды жіберді. Осы бірегей фотосуреттер туған өлкеміздің тұтас бір тарихи дәуірін әділ сипаттайды.
Мысалы, 1941 жылы майданға аттанғалы тұрған алаңсыз жауынгердің фотосуреті, 1943 жылы Самар ауданы (қазір Көкпекті ауданы) Александровка селосына эвакуацияланған қоршаудағы Ленинград балаларының бейкүнә жүздері немесе 1860 жылдардағы  Зайсан өңірінің фотокелбеті.  
Бұлар өлкеміздің өткеніне үңілтіп, мәңгілік естелікке айналған сәттермен тілдестіретін сирек фотолардың бірқатары ғана.  Алғаш рет Пушкин кітапханасы ұсынып отырған бұл фотосуреттер кімді болса да бейжай қалдырмасы анық.
Сонымен, осы конкурстардың жеңімпаздары кім болмақ? Әрине, бұл конкурсқа қатысушылар үшін өте маңызды, өйткені, қатысушылардың барлығы жоғары марапатқа лайық.
21 желтоқсан күні осы тамаша іс-шаралармен қатар сағат 18.00 - 22.00 аралығында «Нұр Отан» партиясы жанындағы "Жас Отан" ЖҚ ШҚОФ бастамасымен «Кітапхана түні» акциясы  өткізіледі.
Барлық қалалықтарды 21 желтоқсан күні кітапханада өтетін іс-шараларға шақырамыз!  

                                                     Байланысшы: Омарова Асель, Құдайбергенова Нұргүл, тел. 261333

konvertor

Статистика

  • Қолданушылар : 6
  • Материалдар : 2881
  • Материалды қарау саны : 26344686
t +7(7232) 261-333
p +7(7232) 609-087
m director@pushkinlibrary.kz
h ШҚО, Өскемен қаласы
 Қазақстан к. 102