«Мен құпияны ашамын»: шығармашылық сайыс
- Толығырақ
- Құрылды 11.02.2019 20:17
Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласын насихаттау, балалар мен жастар арасында өз елінің тарихына деген қызығушылығын арттыру, отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында «Мен құпияны ашамын» атты шығармашылық сайыс өткізіледі. Сайысты ұйымдастырушы - А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасының Балалар орталығы.Сайысқа 7-15 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдер қатыса алады.
ШҚО мәдениет, архивтер
және құжаттама басқармасы
«А.С. Пушкин атындағы
ШҚ облыстық кітапханасы» КММ
директорының орынбасары
Б.Ж. Шағиева
Облыстық балалар мен жасөспірімдер арасында өтетін
«Мен құпияны ашамын» атты шығармашылық сайысының
ЕРЕЖЕСІ
1. Жалпы ақпарат
Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласын насихаттау, балалар мен жастар арасында өз елінің тарихына деген қызығушылығын арттыру, отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында «Мен құпияны ашамын» атты шығармашылық сайыс өткізіледі.
2. Сайысты ұйымдастырушылар мен қатысушылар
2.1. А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы;
2.2. Сайыс координаторы - А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасының Балалар-орталығы;
2.3. Сайысқа 7-15 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдер қатыса алады.
3. Сайыстың мақсаты мен міндеттері
3.1. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында атап өткендей, қоғамның рухани құндылығы – білім мен кітап оқуға деген қызғушылықтарын арттыру;
3.2. «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақалада көрсетілген тарихи сананы жаңғыртуға, қазақ даласының тарихын тереңірек танып-білу арқылы балалар мен жасөспірімдердің жеке интеллектуалды дамуына жол ашу;
3.3. Әлеуметтік желі мүмкіндіктерін пайдалана отырып аудан, ауыл жастарымен шығармашылық байланыс орнату;
3.4. Сайыс жеңімпаздары мен жүлдегерлерін анықтап, сыйлықтармен мадақтау.
4. Сайыстың тақырыптары мен шарттары:
I тақырып: «Мен тарихты жасаймын» – қызықты әңгіме құрастыру.
4.1. «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласының негізгі бағыттары бойынша кез-келген еркін тақырыпта шығарма (әңгіме, ертегі, поэзия немесе проза түрінде де қабылдана береді) жазу;
Мысалы: «Заманауи батыр-Алтын адам», «Ұлы жібек жолының тылсымдары», «Қауыз ашқан қызғалдақ», «Гүл патшасы – қызғалдақ», «Қызғалдақ хикаясы», «Алма бақтың сан сыры» немесе т.б тақырыпта болуы мүмкін.
Бағалау критерилері:
1. Сюжеттің шынайылығы (1-10балл)
2. Сауаттылық (1-10 балл)
3. Құрау барысындағы шығармашылық қабілеттер (1-10 балл)
II тақырып: «Ұлы дала ғажайыбы» – сурет салу.
4.2. «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласының кез-келген негізгі бағыты бойынша суреттер салу. Қатысушы жұмысының арнайы атауы, ұсынылған шағын көлемде мәтіні болуы тиіс.
Бағалау критерилері:
1. Тақырыптың ашылуы және үйлесімділігі (1-10 балл)
2. Ұсынылған жұмыстың жасалу сапалылығы (композициясы, әрлеуі) (1-10 балл)
III тақырып: «Мен естіген әңгіме...» – аңыз-әңгімелер, дала фольклоры үлгілерінің бейнежазбасы.
4.3. «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы бойынша халық арасында танымалдылығы төмен, жаппай тарамаған, ресми баспаларда жарияланбаған аңыз-әңгімелер мен дала фолкьлорын (ата-әжесінің, ата-анасының, ұстаздарының, ауыл тұрғындарының айтуы бойынша болуы мүмкін) бейнежазба түрінде баяндау қажет. Қатысушылар өз шығармаларына атау қоюға және авторлық құқығын сақтау мүмкіндігі бар.
Бағалау критерилері:
1. тақырыптың ашылуы және үйлесімділігі (1-10 бал)
2. оқу мәнерлілігі (1-10 бал)
3. әртістік-сахналық өнері (1-10 бал). Шығарманы баяндаушылар театрланған көрініс және музыканың сүйемелдеуіне жүгінуіне болады.
Шығарманы баяндау ұзақтығы 3 минуттан аспауы тиіс.
5. Сайысты өткізу мерзімі
5.1. Сайыс 2019 ж. 11 ақпан - 10 мамыр аралығында өтеді
Сайыстық жұмыстарды талдау және финалға қатысушыларды іріктеу – 1-8 мамыр аралығында жүргізіледі;
5.2. Финалға қатысушылар сайысы, жеңімпаздарды анықтап, марапаттау – 10 мамыр күні сағ. 15.00. А.С. Пушкин атындағы кітапхананың Мәжіліс залында өтеді;
Жеңімпаздар әділқазылар шешімімен анықталады.
5.3. Жұмыстар келесі мекенжайда қабылданады: А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапхана, Қазақстан к-сі, 102. №12 каб. (Балалар бөлімі), сондай-ақ е-майл: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. электронды адресіне жіберуге болады;
6. Сайысты қорытындылау және қатысушыларды марапаттау
6.1. Сайысқа қатысушыларды марапаттау төмендегі үш номинациямен өтеді:
- «Үздік әңгіме құрастырушы» (6-9, 10-12,13-15 жас аралығы)
- «Үздік суретші» (6-9, 10-12,13-15 жас аралығы)
- «Үздік әңгіме баяндаушы» (6-9, 10-12,13-15 жас аралығы)
6.2. Сайысқа қатысушылар мен жеңімпаздар диплом және сыйлықтармен марапатталады.
7. Байланыс телефондары
8 (723)2 261333, 87758301250, е-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26340405
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы