homesemail1sm

Заңгер кеңесі


Read More...

Робототехника 2022


Read More...

Волшебник изумрудного города


Read More...

Ұлы даланың ұлы тұлғалары


Read More...

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы


Read More...

Виртуалды қосымша


Read More...

Біздің Абай


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...

Құжаттардың электронды жеткізілімі


Read More...

Виртуалды анықтама қызметі


Read More...
0123456789
Негізгі бетАРХИВ«Қарлығаш көңіл қаламгер» жергілікті балалар жазушысы Күлмай Сембайқызымен кездесу
Қателік
  • Plugin mavikThumbnails needs library GD2

«Қарлығаш көңіл қаламгер» жергілікті балалар жазушысы Күлмай Сембайқызымен кездесу

2019 ж. 15 ақпан күні сағат 15.00  кітапханада жерлесіміз, Ұлан ауданында білім саласында ұзақ жылдар еңбек етіп, ұрпақтарға білімнің нәрін берген зейнеткер ұстаз, ақын, балалар шығармашылығының жанашыры Сембаева Күлмаймен кездесу өтеді.
Сембаева Күлмай - балаларға арналған «Әріптер әлемінде», «Балғын ұрпақ бақытым», «Сиқырлы әріптер» сияқты өлең, жыр жинақтарымен қатар жалпы оқырман қауымға арналған «Ардагерлер ұмытылмайды», «Ауылдан шыққан ғалым», «Мектеп тарихы ауылмен тағдырлас», «Бестеректен шыққан ұшқыш қыз» атты шағын кітаптардың авторы.

Кездесу кешінде Сембаева Күлмай апайымыздың өлеңдері оқылып, шығармаларының желісінде театрланған көріністер көрсетіледі. Сондай-ақ, автордың сөзіне жазылған әндер орындалады. Шығармашылықтың қыр-сырлары туралы балалармен ой бөліседі. Қызықты интеллектуалды сұрақтар қойылып, ойындар ойнатылады.

Кездесуге ақындыққа, жазушылыққа қызығушылығы бар бастауыш сынып оқушылары мен ұстаздары шақырылады.
Балалар әдебиетінің жанашыры, ақын, жазушы жерлес апайымызбен кездесу – өскелең жас ұрпақтың өнер мен білімге деген құлшынысын арттырып, жасөспірімдердің болашақтарына бағыт-бағдар береді деп сенеміз.


Байланысшы: Құдайбергенова Н.
тел. 26-13-33

konvertor

Статистика

  • Қолданушылар : 6
  • Материалдар : 2881
  • Материалды қарау саны : 26340405
t +7(7232) 261-333
p +7(7232) 609-087
m director@pushkinlibrary.kz
h ШҚО, Өскемен қаласы
 Қазақстан к. 102