homesemail1sm

Заңгер кеңесі


Read More...

Робототехника 2022


Read More...

Волшебник изумрудного города


Read More...

Ұлы даланың ұлы тұлғалары


Read More...

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы


Read More...

Виртуалды қосымша


Read More...

Біздің Абай


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...

Құжаттардың электронды жеткізілімі


Read More...

Виртуалды анықтама қызметі


Read More...
0123456789
Негізгі бетАРХИВРухани жаңғыру: ArdagerFest. «Ауған естелігі»
Қателік
  • Plugin mavikThumbnails needs library GD2

Рухани жаңғыру: ArdagerFest. «Ауған естелігі»

2019 жылы еске алынатын күндер аз емес. Соның бірі – Ауғанстаннан әскердің шығарылуына 30 жыл толуына арналды. Кітапхана 20 ақпан күні осы оқиғаға байланысты АрдагерFest мәдени іс-шарасын ұйымдастырды. 

Кітапхана мамандары бұл күні Ауған ардагерлерін қарсы алды. Кездесуге С. Аманжолов атындағы ШҚМУ, Қ. Нұрғалиев атындағы колледж, Д. Серікбаев атындағы ШҚТМУ студенттері, сондай-ақ О. Бөкей атындағы лицей, №35 мектеп оқушылары келді.

Басқосуға ШҚ Ауған соғысы ардагерлері Одағы төрағасының бірінші орынбасары Самылтыров Мухаметали Айтбекұлы, Одақ мүшесі Сабырбаев Марат Абуталиұлы, «Өскемендегі Ауған соғысы ардагерлерінің ұйымы» мүшесі Долгов Александр Владимирович, Баймуратов Кыдыргазы Жунусханұлы, Байсылбаев Мұрат Қалелұлы келді.
АрдагерFest кітапхананың Білім бөлімінде шахмат ойыны сеансымен басталды. Шахмат сеансын спорт шеберіне үміткер Олег ГеннадьевичСемянников және шахмат клубының жетекшісі Тілек Рахымбаев өткізді.
Ойын қорытындысы бойынша жеңімпаздар I, II, III дәрежелі дипломдармен марапатталды.Олар: Абылайхан Манакаев (№ 25 мектеп), Айза Тулекенова № 44 лицей) және Антон Савицкий ( № 38 мектеп).

Бұл күні MakerSpace шығармашылық алаңында «солдат ойыны» өткізілді: құрастырып жинау, сандық бағдарламалық басқару (ЧПУ) арқылы фрезермен кесу, 3D-принтермен солдат, кеме, самолет және басқа да әскери техника түрлерін модельдеп, басып шығару т.б. Кітапхананың жас оқырмандары дамытушы онлайн-ойындарға, қызықты виртуалды шайқастарға қатысып, күш сынасты.

ВетеранFest-ке қатысушылар «барлауға» қатысып, Шығыс Қазақстанның әскери орындарында патриоттық квестен өтті. Балалар қажетті өлкетанулық білім алып, ой-өріс/тапқырылық көрсетті, сонымен бірге, жігерлі топтық рух пен сенімді достық ахуалды сезінді.

Тақырыптық бағдарламаның лейтмотиві кітапхананың мәжіліс залында Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу өткізілді. «Жанды кітап» форматында өткен кездесуде «Шығыс Қазақстан облыстық ауған соғысы ардагерлерінің Одағы» мен «Өскемендегі Ауған соғысы ардагерлерінің ұйымы» ардагерлері өз өмірлері туралы, жауынгерлік достық, қоғамдық жұмыстары жайында әңгімелеп, жастардың сұрақтарына жауап берді. Осы бір жылы бейресми кешке Ахмер орта мектебінің кадет класының балаларының концерттік нөмірлері ерекше әсер берді.

Сондай-ақ, бұл күні келушілер назарына «Ауған естелігі» атты кітап экспозициясы ұсынылады. Көрмеден оқу залының архивтік қорынан, мерзімді басылымдар беттерінен тарихи деректі мәліметтер, Ауған жауынгерлері жайында жазылған көркем шығармалар орын алды.

Кеш соңында Горный ручей» бард-рок-клубының қатысуымен гитарамен патриоттық және лирикалық әндер орындалды.

afgan 1 6 afgan 1 7 afgan 1 11 afgan 1 9 afgan 1 28 afgan 1 21
 
Байланыс тел.: 261-333 (119)

konvertor

Статистика

  • Қолданушылар : 6
  • Материалдар : 2881
  • Материалды қарау саны : 26348853
t +7(7232) 261-333
p +7(7232) 609-087
m director@pushkinlibrary.kz
h ШҚО, Өскемен қаласы
 Қазақстан к. 102