Кітапханалық акция «Алғысым шексіз...!»
- Толығырақ
- Құрылды 01.03.2019 17:18
Көктемнің алғашқы күнінде Қазақстан халқы Алғыс айту күнін атап өтеді. Алғыс айту күні - ең алдымен, елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенім мен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған Президенттің бейбітшілік пен келісім саясатының салтанатты күні.
Бұл күні кітапхананың барлық бөлімдерінде алғыс сөздер айтылып, кітапхана мамандары оқырмандармен бірге «Алғысым шексіз» акциясына қатысты.
1 қабатта ұйымдастырылған «Алғысым шексіз ...!» тақырыптық көрмесінен жазушылардың Қазақстанда тұратын халықтардың достығын, елге деген сүйіспеншілігін, еліміздің мәдениеті мен тарихын құрметтеу туралы кітаптары ұсынылды.
Оқырмандар өздерінің алғыстары мен ізгі тілектерін арнайы стендте жазып қалдырды. Сондай-ақ, кітапхана пайдаланушыларына құттықтаулар мен тілектер айтылып фотосуреткебейнежазбаға түсті.
Құдайбергенова Нұргүл , білім Орталығының жетекшісі:
2016 жылғы 14 қаңтарда Қазақстан республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні 1 наурызды елімізде Алғыс айту күні деп жариялаған болатын.
Алғыс айту күні – күрделі заманда иық тіресе бірге еңсеріп, қысқа мерзім ішінде Елбасының басшылығымен Тәуелсіз Қазақстанды құру жолында аянбай тер төккен еліміздің барлық азаматттарының бір-біріне құрмет білдіретін күн.
Алғыс айту күні -мейірімділіктің, бүкіл қазақстандықтардың бір-біріне деген достығы мен махаббатының жарқын мерекесі болмақ.
Кулянда Сулейманова, зейнеткер:
Кітапханада әртүрлі жастағы адамдардың жан-жақты дамып, білімдерін кеңейтуіне мүмкіндіктер өте көп. Біз, зейнеткерлерге компьютерлік сауаттылық курстары өте ұнайды. Курстар ақысыз. Біз өз біліміменн бөлісіп жүрген оқытушымызға алғыс айтамыз. Біз береке-бірлік пен бейбіт өмір сүріп жатқанымыз үшін елімізге алғысымыз шексіз.
Молдыбаева Людмила, оқырман:
-Қазақстанда 61 жылдан бері тұрып келемін. Осы кітапхананың тұрақты оқырманымын. Біздің кітапхана республикамыздағы ең үздік кітапхана. Мен біздің және балаларымыздың осындай заманауи кітапханасы бар екеніне, мұнда жаңа кітаптарды оқуға мүмкіндігі барлығына ризамын..
Марина Максимова, білім Орталығының жетекшісі:
- Біз Сіздерге бізбен бірге болғандарыңыз үшін, бәріміздің өмірімізді күн сайын барынша қызықты, мазмұнды өткізуге, позитивті эмоциялар мен қайырымды істерге толтыра түсуге көмектесетін үлкенді-кішілі жақсылық жасауға ынталандырғандарыңыз үшін «РАХМЕТ» айтамыз.
Оқырмандарымыздың бейнежазбаларын кітапхана сайтынан және ЮТУБ, Facebook, Instagram-да көруге болады.
|
|
|
|
|
|
Байланысшы: Жансая Ашкенова, тел.261 333,ішкі 119
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26339858
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы