homesemail1sm

Заңгер кеңесі


Read More...

Робототехника 2022


Read More...

Волшебник изумрудного города


Read More...

Ұлы даланың ұлы тұлғалары


Read More...

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы


Read More...

Виртуалды қосымша


Read More...

Біздің Абай


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...

Құжаттардың электронды жеткізілімі


Read More...

Виртуалды анықтама қызметі


Read More...
0123456789
Негізгі бетАРХИВЖаны нәзік, рухы асқақ!
Қателік
  • Plugin mavikThumbnails needs library GD2

Жаны нәзік, рухы асқақ!

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында 6 наурыз күні  кітапханада бір күн бойы «Жаны нәзік, рухы асқақ!» атты мейрамға арналған мерекелік іс-шара өтті. Мейрам сағат 11.00-де «В кругу друзей» клубы мүшелері дайындаған мерекелік концерттік бағдарламадан басталып, 13.00-де кітапхананың тұрақты пайдаланушылары «Алтын-ай» мүгедек әйелдер ҚБ және «Үлбі» дәрігерлік-әлеуметтік орталығының балалары мен жастары, «Ақ ниет» мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған мектеп-интернат оқушыларының қатысуымен өтетін «8 Наурыз – Аналар күні» бағдарламасымен жалғасты. 15.00-де жастар мен нәзік жандылар арасында сирек кездесетін қызықты мамандық иелерінің тартымды да, тиімді кездесуі өтті.

Кездесудің ерекше қонақтары – әйел-ұста, көпбалалы ана – журналист, сонолог, әйел-офицер, спортсмен – жауынгерлік өнер чемпионы болды.

Кездесу барысында от пен металды ауыздықтауды игерген өлкеміздегі жалғыз әйел-ұста Светлана Кошелева өз мамандығы туралы әңгімелеп, төрт баланың анасы, әрі табысты тележурналист Айдана Дайырова тайм-менеджмент құпияларымен бөлісті.

Әлі өмірге келмеген сәбидің денсаулығын сақтауға көмектесетін мамандықтар жайлы Ана мен бала орталығының дәрігері – сонолог Ақмарал Талғатқызы әңгімеледі.

Лейтенант Самал Есперова нәзік жанды әйел адамға погон тағып, әскери династияны лайықты жалғастырудың сырымен бөлісті. Ал Қазақстан тарихындағы тұңғыш аралас жауынгерлік өнерден ел чемпионы Варвара Полтаранина мың бұралған бишіден қалайша жауынгер-қызға айналып, мамандық ауыстырғаны жайлы қызықты сұхбат берді.
Ерекше мамандық иелері өздері таңдаған мамандықтары жайлы әңгімелеп, жастарға қайрат-жігері, еңбексүйгіштігі, мақсатқа талпынушылығымен жаңа шабыт сыйлады деп ойлаймыз. Кездесу қонақтарына кітапхана қызметкерлері гүлдер мен сыйлықтар сыйлады. Сыйлықтарды «Бестселлер» кітап дүкені (директоры -Наил Нурмиевич Хайруллин), «Француз үйі» (BSB)» компаниясы (директоры - Кожатова Жанат Женисбековна) ұсынды. Біз демеушілерімізге жомарттықтары мен кең пейілдері үшін алғыс білдіреміз.
Мерекелік кештің ұйымдастырушысы – кітапхананың Білім орталығы мамандық таңдауда тұрақтанып қалған стереотиптен аттап өтіп, өз жолында жоғары жетістікке жеткен әйелдермен дидарласып, сұхбаттасу жастарға өмір жолын таңдауға көмектеседі деген сенімде. Кездесу кейіпкерлерінің жарқын үлгісі жастарды арманына қол жеткізуге, жаңа қызықты мамандықтарды игеруге, көшбасшы болып, алға қойған мақсаттарына жетуге шақырады. Бұл – «Жастар жылының» алға қойған мақсат-міндеттеріне қарай алға жылжудың бір қадамы.

Мерекеге орай ұйымдастырылған тақырыптық кітап көрмесінде оқырманға нәзік жанды әйел образын кеңінен ашатын көркем, деректі әдебиеттер, мемуарлар ұсынылды.

m1 m1 m1
m1 m1

 

mart 1  mart 1 
mart 3  mart 1 
mart 1  mart 1 

Байланыс тел.: 26-13-33

konvertor

Статистика

  • Қолданушылар : 6
  • Материалдар : 2881
  • Материалды қарау саны : 26341799
t +7(7232) 261-333
p +7(7232) 609-087
m director@pushkinlibrary.kz
h ШҚО, Өскемен қаласы
 Қазақстан к. 102