homesemail1sm

Заңгер кеңесі


Read More...

Робототехника 2022


Read More...

Волшебник изумрудного города


Read More...

Ұлы даланың ұлы тұлғалары


Read More...

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы


Read More...

Виртуалды қосымша


Read More...

Біздің Абай


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...

Құжаттардың электронды жеткізілімі


Read More...

Виртуалды анықтама қызметі


Read More...
0123456789
Негізгі бетАРХИВ«Өнерім – еліме!»: Хадхан Манайұлының шығармашылық кеші
Қателік
  • Plugin mavikThumbnails needs library GD2

«Өнерім – еліме!»: Хадхан Манайұлының шығармашылық кеші

12 наурыз күні кітапханада белгілі дәстүрлі әнші, ұлттық өнерді дамытуға ат салысып жүрген дарын иесі Хадхан Манайұлының «Өнерім – еліме!» атты әдеби-сазды кеші өтті. 
Х. Манайұлы шетелде тұратын, дәстүрлі әндерді орындаудың ерекшеліктерін сақтап келе жатқан этникалық қазақтардың халық әндерін орындаушы. Әншінің шығармашылығы ұлттық дәстүрді, ұлттық музыка мен ұлттық рухты сақтау тұрғысынан құнды, әрі қызықты. Өз мәдениетін, ұлттық кодын сақтау мәселесі – Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында атап көрсеткендей, жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты.

Өнерімен ел құрметіне бөленген Хадхан Манайұлының әдеби-сазды кешіне «Дарын» мемлекеттік қазыналық кәсіпорын директоры Мейіржан Қанатбекұлы Әлібеков, әншінің өмір жолы мен өнер жолын жақсы білетін тілекшісі, танымал ақын Әскерхан Ақтай, музыка жанашыры Уатхан Жүнісов, әнші Нұртай Тілеужан қатысты.
Кеш иесі жиналған жастардың сауалдарына жауап беріп, құлақтың құрышын қандырар қазақтың дәстүрлі әнін әуелетеді.
Гүлнұр Зұлқаршын, жүргізуші, кітапхана маманы
Хадыхан Манайұлы Моңғолияның Баян-Өлгей аймағында дүниеге келген. Жастайынан өнерге құштар болып, мектеп табалдырығынан бастап қолына домбыра алып, ән салған. Моңғолияның Өнер универсиетін тәмамдап, Баян-Өлгей аймағының музыкалық драма театрында әртіс бола жүріп, талантты орындаушы қазақтың ұлттық өнерінің өшпеуіне және насихатталуына аса зор үлес қосты.
2016 жылы Хадхан тарихи атамекені – Қазақстанға оралды. Оның ерекше дауыс тембрі мен орындаушылық мәнері Қазақстандағы мамандардың да жоғары бағасына ие болды.
Уалханова Рақия,библиограф-маман
Хадхан Манайұлы «Қазақ дауысы», «Мен қазақпын» тәрізді телевизиялық жобаларға қатысып, қазақстандық көрермен алдында кең танымалдыққа ие болды. Бүгінгі таңда дәстүрлі әндерді орындаушының есімін жұртшылық оның Әміре Қашаубаев, Мәди Бапиұлы, Жаяу Мұса, Ақан сері, Біржан сал атындағы республикалық музыкалық конкурстарға қатысуынан жақсы біледі. Хадхан Манайұлын өзге әншілерден ерекшелендіретін – оның Алтай-Тарбағатай дәстүрлі ән мектебінің әндерін нақышына келтіре орындау шеберлігі.

flfy 2 flfy 1 flfy 8 flfy 21 flfy 9 flfy 7

 

flfy 11

 

flfy 14

 

flfy 13

 

flfy 10

 

flfy 16

 

flfy 20

 

Байланыс тел.: 26-13-33 (119)

konvertor

Статистика

  • Қолданушылар : 6
  • Материалдар : 2881
  • Материалды қарау саны : 26339858
t +7(7232) 261-333
p +7(7232) 609-087
m director@pushkinlibrary.kz
h ШҚО, Өскемен қаласы
 Қазақстан к. 102