Наурыз - ұлы даланың Ұлы мерекесі
- Толығырақ
- Құрылды 16.03.2019 13:08
Кітапхана алаңындағы көздің жауын алатын қызғалдақтар, көтеріңкі көңіл-күй сыйлайтын қызыл-жасыл көктемгі әсем безендірулер оқырмандар мен кітапхана қонақтарының назарын ерекше аударды. 15 наурыз күні, кітапхана таңертеңнен Ұлыстың ұлы күнін қарсы алды.
Кітапханада «Ұлы даланың жеті қыры: Наурыз – бабалар өсиеті» атты мерекелік іс-шара өтті. Көктемгі жаңару, ақ пейіл мен татулық мерекесінің ашылу салтанатынан кейін, Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласы бойынша «Тарих тамыры» атты студенттердің қатысуымен топтық сайыс өтті. Бірнеше турдан тұрған сайыста студенттер өз оқу орындарының абыройын қорғады.
Сайыс қорытындысы бойынша жеңімаздар дипломдармен марапатталды:
- I- орын : «Самұрық» тобы, Шығыс Қазақстан Облыстық гуманитарлық колледжі.
- II - орын: "Шамшырақ», С. Аманжолов атындағы ШҚ мемлекеттік университеті.
- II - орынды ҚАЕУ мен медициналық колледж алды. Кітапхана қонақтары бұл күні, «Ұлттық мұра» алаңында, он саусағынан өнер тамған шеберлерден - ұршық иіру, ою кесу, кесте тігу, жүн сабау сияқты, ұлттық қолөнер түрлерінен шеберлік-сабақтарын алды. «Ақ мол болсын!» атты аспаздық шеберлік-сабақта – ақ жаулықты әжелер, ұлттық тағамдардың жасалу қыр-сырымен бөлісті.
Ежелде ат үстінде жүрген көшпенділер, тақымына басқан сәйгүлігіне еркін қимыл жасау үшін, ер-тұрман мен үзеңгіні ойлап тапқан. Міне, осы ат әбзелдерінің аталуы мен жасалуы, атқа міну мәдениеті жайлы «Жылқы – малдың патшасы» атты атбегілік өнері бар мамандар жастарға ақпараттар беріп, кеңестер, шеберлік сыныптарын өткізді.
«Наурыз нақыштары» атты мерекелік жәрмеңкеден қонақтар, ұлттық тағам мен киім, қолөнер бұйымдарымен қатар, «Ұлы даланың жеті қырының бірі – алма мен қызғалдақты» - да таба алды.
Білек күші мен ептілігі жоғары қонақтар үшін - қол күресі, тас көтеру, асық ойнау сынды спорттық сайыстар ұйымдастырылса, интеллектуалды ойынқұмарларды «Чемпион» шахмат турнирі, «Тоғыз құмалақ», «Taboo» сияқты үстел үсті ойындары күтті. Сондай-ақ, қонақтар «Наурыз-бәйге» викторина алаңында ұлттық салт-дәстүрімізге қатысты сұрақтарға жауап беріп, өз білімдерін сынады.
«Мейкерспейс» шеберхана алаңында кітапхана қызметкерлері 3D принтер, фрейзерлік станок пен күйдіру құрылғысында «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында атап көрсетілген жылқы, алтын адамның мүсіні, аң стиліндегі ою-өрнектер, алма мен қызғалдақ т.б. бұйымдарын көрсетіп, шеберлік сабақтарын өткізді.
Жастар әсем ән мен тәтті күй төгілте орындап, «Жастар ауылы» қонақтарға ерекше көңіл-күй сыйлады.
Наурыз мейрамын кітапханамен бірге тойлауға келген кішкентай қонақтарды «Тазшаның қырық өтірігі» атты қызықты, әрі тартымды өтірік - өлең құрастыру сайысы күтті. Осы күні мейрамға жиналған қауым бір-бірін «Наурыз-думан» - еркін микрафоны арқылы ән шашумен құттықтап, ақ тілектерін білдірді. Мерекеге жиналған қонақтар, дәмі тіл үйірер - наурыз көжеден дәм татты.
| |
|
|
| |
|
|
| |
|
|
| |
|
|
| |
|
|
| |
|
Байланыс тел.: 261333, ішкі.119
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26341443
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы