Қаныш Сәтбаев: Дара жол
- Толығырақ
- Құрылды 10.04.2019 04:29
Өз елінің қара тасын мақтан ете алмаған,
өзге жердің алтынын да мақтап жарытпақ емес.
Қ. Сәтбаев
Өзге халықтар сияқты өз елінің ерекше тұлғаларын мақтан етерлік есімдер қазақ тарихында аз емес. 12-сәуір - ғылым күні. 1946 жылы 1 маусымда ресми түрде ашылған Қазақстан Ғылым Академиясы даму – өсу жолы Қазақтың біртуар перзенті, геолог-ғалым, академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың өмірімен тығыз байланысты. Биыл ғылым академиясының тұңғыш президенті, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, қазақстандық геология мектебінің негізін салушы, академик, әлемге танымал ғалым Қаныш Сәтбаевтың туғанына 120 жыл.
12 сәуір күні сағат 15.00 -де Елбасының «Ұлы даланың Ұлы есімдері» мақаласы аясында кітапханада «Қаныш Сәтбаев: Дара жол» атты ғұмырнамалық кеш өткізіледі.
Мұрағаттық деректер, хаттар мен естеліктер арқылы Қаныш Имантайұлының ғалымдық, қайраткерлік, азаматтық келбеті сөз болады.
Қаныш Сәтбаевтың ғұмыр жолын айшықтауғаелу жылдан артық уақытын сарп еткен –жазушы, әрі инженер Медеу Сәрсеке екендігін айта кеткен жөн. Қаныш Имантайұлының ғылым жолындағы соқтықпалы- соқпақты өмір белестерін ашып, ұлағатты істерін саралап көрсеткентамаша еңбектерімен, артында қалған ұрпақтарымен таныса аласыздар.
Сәтбаев ғұмыры-қазақ зиялыларының еншілес ғұмыры.Сол ғұмырды түбегейлі біліп, ғибрат алу, үлкен - кішіге парыз. Тарихи шындық, тарихи тұлғаның ерте ме кеш пе тасты жарып биіктеген шынардай бой түзейтіні бар. Қаныш тағлымы сол тасқа біткен шынар іспеттес. Жыл өткен сайын сындардай бой түзеп, биіктей береді.
Кешке зиялы қауым өкілдері, жастар мен мәдениет қызметкерлері, мектеп оқушылары шақырылады. Қаныш Имантайұлының қазақ ғылымына сіңірген еңбегі. Өмір жолы жайлы бейнеролик көпшілік назарына ұсынылмақ.
Англияға барған сапарында «Менің халқым менен де биік» -деп өз халқына ерекше баға берген ұлтымыздың біртуар ұлы Қаныш Сәтбаевтың дара жолы кімге болса да үлгі. «Жақсыны білмекке» деген ағайын, кітапханаға асығыңыздар!
Байланысшы: Слямова З.М.
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26343444
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы