Рухани жаңғыру:«Сыр - сұлтаны, жыр - тұлпары» сайысы өз мәресіне жетті
- Толығырақ
- Құрылды 19.04.2019 19:49
«Сыр - сұлтаны, жыр - тұлпары» атты Ә. Тәжібаевтың шығармаларын мәнерлеп, жатқа оқу сайысы да өз мәресіне жетті. Сайыс ағымдағы жылдың «Жастар жылы» деп жариялауына байланысты дарынды жастарға қолдау көрсетіп, халыққа таныту мақсатында, «Бір ел - бір кітап» Республикалық ақциясы аясында өткен болатын.
19 сәуір күні өткен финалға мектеп оқушылары мен студенттерден 21 жасөспірім қатысты. Кітапханада жас таланттар ақынның отан сүйгіштікке, туған табиғатымызды аялауға, елімізді сүюге баулитын өлеңдерін жатқа оқыды.
Қатысушылар сөз зергері туындыларының лирикалық қаһармандарының ойлары, сезімдері мен толқуларын жан-жақты аша білді.
Сайысты қорытындылай келе сайыстың ең үздік орындаушылары белгілі болды. Жеңімпаздар әділқазылар шешімімен анықталды.
«Көрермен көзайымы" номинациясы бойынша
1. Қыдырқажы Алихан- Дарынды балаларға арналған арнайы мектеп-лицейінің оқушысы;
2. Құрметқызы Ақниет- Дарынды балаларға арналған арнайы мектеп-лицейінің оқушысы;
3 - орын - Мержақып Аяла- № 45 мектеп оқушысы;
2-орын - Сүлейменов Алихан- Ағайынды Абдуллиндер атындағы музыка мектебінің оқушысы;
1-орын - Абдолда Мадина - Дарынды балаларға арналған арнайы мектеп-лицейінің оқушысы.
«Көрермен көзайымы" номинациясы бойынша
1. Дукай Таңнұр – .С.Аманжолова атындағы ШҚМУ студенті;
2. Әділханова Анар- ШҚ гуманитарлық колледжінің студенті;
3-орын - Сұлтанова Әйгерім- Өскемен қаласы медициналық колледждің студенті;
2-орын - Дюсембина Әйгерім- ШҚ гуманитарлық колледжінің студенті;
1-орын - Дәуренұлы Аян- ҚАЕУ студенті.
«Ең көп онлайн лайк жинаған» Кахарманова Жансая- Өскемен қаласы медицициналық колледжінің студенті.
Жеңімпаздар мен қатысушылар дипломдармен марапатталды.
Касенов Ертай Жұманұлы, ШҚ облыстық драма театрының әртісі, әділ қазылар алқасының мүшесі :
- Осындай сайыстарды өткізу, халқымыздың дәстүрлерімен, ақын-жазушыларымыздың шығармашылығымен кеңірек танысуға мүмкіндік туғызады. Сайысқа қатысушылар өлең сөзінің құдіретін жанымен сезініп, жүрегімен түсініп жеткізе білді. Қазіргі заманда кітап оқитын, еліміздің ақын-жазушыларының өмірі мен шығармашылығын қызыға оқитын осындай балалардың барлығы өте қуантарлық жайт.
Байланысшы: Ашкенова Жансая ,тел.261 333 ,ішкі.119
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26336831
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы