Рухани жаңғыру: Ұлықбек Есдәулеттің шығармашылығына арналған әдеби-сазды кеш
- Толығырақ
- Құрылды 25.04.2019 18:26
Туған жерін тұғыртас қылып, туған елін басына көтеріп, соның айбоз бақытты шағын көркем жырымен мөлдірете жеткізіп, ел жүрегіне жол тапқан Ұлықбек ақын 65 жасқа толып отыр. 25 сәуір күні кітапханада Қазақстан жазушылар Одағының төрағасы, "Құрмет" орденінің иегері, «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері», ақын, журналист Ұлықбек Есдәулеттің шығармашылығына арналан әдеби-сазды кеш өткізілді.
Әдеби-сазды кешке жергілікті қаламгерлер, мәдениет қызметкерлері, жас оқырмандар мен өлеңсүйер қауым қатысты.
Ұлықбектің елдік, ұлттық, адамгершілік мүдделерге қызмет ететін парасаттылығын көрсететін өлеңдері бір төбе. Семей полигонының қасіретіне арналған «Заман-ай» өлеңi халықаралық антиядролық қозғалыстың гимнiне айналған. Қоғамның ащы шындығын көрсететін «Қара пима» поэмасы заманымыздың айықпас ауруын сөз етіп, көпшілікке ой тастайтын, тура жолдан адастырмас имандылық айнасы деуге болады.
Кездесу барысында автордың «Заман-ай», «Қара пима» әндері орындалып, жас оқырмандар автордың «Жылқы мінез», «Кентавр Хирон» т.б. өлеңдерін оқыды. Бейнежолдау арқылы оқырмандар сүйікті ақындарын тыңдады.
Ұ. Есдаулетің әпкесі, белгілі сазгер Бағдат Есдаулетова ақынның балалық шағынан сыр шертсе, замандастары - Түсіпхан Түсіпбекұлы, Оңдасын Елубай, ақын Бақытжан Мұхтарханқызы ақынның шығармашылығына тоқталып, жылы лебіздерін арнады.
Байланыс тел.:261 333
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26341272
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы