«Ерлік пен батырлықты дәріптейтін мерекелер жасасын»!!!
- Толығырақ
- Құрылды 04.05.2019 15:58
«Бұл қорқынышты жан түршігерлік оқиғалардан бері жарты ғасырдан астам уақыт өтсе де, бізге жарқын болашақ, бақытты ғұмыр сыйлаған ардагерлеріміздің ерлігі ешқашан ұмытылмайды Солардың қасиетті рухы бүгінгі бейбіт тірлігімізге мәңгі шуағын шашты.»-дейді «В кругу друзей» клубының мүшелері.
4 мамыр күні мамыр мерекелері қарсаңында клуб мүшелері «Қазақ жері - бейбітшілік бесігі/ Под мирным небом Казахстана» деп аталатын концерттік бағдарлама дайындап, соғыс жылдарында опат болған боздахтар рухына тағзым етіп, ән айтып, өлең арнады.
Кездесу қонақтары кітапхана мамандары дайындаған «Ерлікке тағзым» әдебиеттер көрмесімен танысты. Мерекелік іс-шараға әскери қызметкерлер, сарбаздар қатысып, ардагерлерді құттықтап, ән-шашуларын арнады.
Кездесуге келген ардагерлеріміз Ұлы Отан соғысында соғысып, жеңіп шыққандардың балалары екендігін білеміз! Біз олардың қандай қиын-қыстау кезеңді басынан өткізгенін көзімізге де елестете де алмаймыз. Соғыс дегеннің не екенін сол кезеңде өмір сүрген осы ата-апаларымыздан басқа ешкім де білмейді.
Жер бетіндегі бейбітшілік үшін, Жеңіс үшін жанын қиған, майдан даласынан оралмаған, бүгінгі күнге жетпегендердің есімін мәңгі ұмытпаймыз. Олар – біз үшін өшпейтін ерліктің, табандылықтың нышаны, Отанға деген сүйіспеншіліктің, шынайы патриотизмнің үлгісі.
Байланыс тел.: 26-39-46
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26350226
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы