Әлеуметтік қызметкерлер кітапханада
- Толығырақ
- Құрылды 18.06.2019 17:58
Шығыс Қазақстан облысының барлық өңірлерінен Өскеменге біліктілікті арттыру курстарына келген әлеуметтік қызметкерлер 18 маусымда біздің кітапханаға келді. Қонақтар үшін кітапханаға экскурсия ұйымдастырылды.
Кітапхана қызметкері Бақытгүл Қалиева кітапхананың білім Орталығының жұмысы туралы әңгімелеп берді: - Білім орталығы оқырмандарға жаңа қарым-қатынас жасау, пайдалы ақпарат алып, қызықты адамдармен танысуға мүмкіндік береді.
Мейкерспейс шығармашылық алаңында Дмитрий Потапов 3D принтердің жұмысы балаларды модельдеуге үйрету, дизайн, фрезер станогымен жұмыс істеу туралы ақпараттармен бөлісті.
Балалар оқуы және әлеуметтік бағдарламалар орталығында кітапхана қызметкері Динара Мергембаева жазғы демалыс лагеріне арналған бағдарламалар туралы «Кітап оқу көшбасшысы 2019» жазғы оқу сайысы туралы әңгімелесе, өлкетанушы Әсел Омарова кітапхананың веб-сайтымен, EGOV электрондық үкімет порталымен және құжаттарды электронды жеткізу қызметінің жұмысымен таныстырды. Қонақтар кітапхананың оқу залының жұмысы, қағаз және электронды кітап қорлары туралы да ақпарат алды.
Байланысшы: Жансая Ашкенова
Байланыс тел.: 26-39-46 (119)
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26337362
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы