Абай Құнанбаевтың туғанына 174 жыл
- Толығырақ
- Құрылды 02.08.2019 16:00
2019 жыл 10 тамызда қазақтың ұлы ақыны, қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы, жерлесіміз Абай Құнанбаевтың туғанына 174 жыл толады. Аталған мереке қарсаңында А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы «Абай Құнанбаев – ұлтымыздың мақтанышы» атты кітап көрмесін ұйымдастырды.
Аталған көрмеден ұлы ақынның шығармаларын, қара сөздерін, философиялық пайымдауларын және ол туралы абайтанушы зерттеушілердің еңбектерін табуға болады. Әрбір кітап көрмесін тамашалаушыға Абай өмірі мен шығармашылығына байланысты викториналық сауалдар ойнатылып, олар қалаған әдебиеттерін алып, селфи жасай алады.
Сондай-ақ, кітапхана сайтында «Біздің Абай» электрондық кітапханасы жұмыс істейді. Аталған кітапханада Абайдың раритеттен бастап заманауи басылымдарға дейінгі мұрасы толық қамтылған. «Біздің Абай» электронды кітапханасынан ақынның өлеңдері мен қара сөздерін әлемнің 29 тілінде оқуға болады.
Баршаңызды «Абай Құнанбаев – ұлтымыздың мақтанышы» атты кітап көрмесін тамашалап, Абай әлеміне үңілуге шақырамыз!
Байланысшы: Жайлибаева М.Н.тел. 26-13-33
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26338067
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы