homesemail1sm

Заңгер кеңесі


Read More...

Робототехника 2022


Read More...

Волшебник изумрудного города


Read More...

Ұлы даланың ұлы тұлғалары


Read More...

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы


Read More...

Виртуалды қосымша


Read More...

Біздің Абай


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...

Құжаттардың электронды жеткізілімі


Read More...

Виртуалды анықтама қызметі


Read More...
0123456789
Негізгі бетАРХИВ«АБАЙ– ҰЛТЫМЫЗДЫҢ МАҚТАНЫШЫ»
Қателік
  • Plugin mavikThumbnails needs library GD2

«АБАЙ– ҰЛТЫМЫЗДЫҢ МАҚТАНЫШЫ»

2019 жылы 10 тамыз күні сағат 10.00-де кітапханада, ашық аспан астында «Абай Құнанбаев – ұлтымыздың мақтанышы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, танымдық ойындар жүргізіледі. Бұл күн қазақтың ұлы ақыны, қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы, жерлесіміз Абай Құнанбаевтың туған күні. Абай– қолына қалам алып, қазақтың рухын жоғары көтерген қолбасшымыз,ұлттық ұранымыз.Бағдарламада: ұлы ақынның өлеңдерінен марафон; интерактивті үстел арқылы ақынның қара сөздерін тыңдап, әндерін орындау;сөзжұмбақтар шешу;ақын әндерінен караоке, викторина; Абай әлемін сипаттайтын суреттер мозайкасын құрастыруақынның кітаптарымен селфи жасау, т.б.

Сонымен бірге облыстық кітапхана жасаған «Біздің Абай» толықмәтінді электрондық кітапханасымен танысу, онда әлемнің 29 тілінде ұлы ақынның бірінші кітабынан бастап заманауи басылымдарға дейінгі мұрасы және абайтанушылардың зерттеулері қамтылған. Абай атамыз туралы көп басылымдар жарық көруде, дегенмен ғұлама ақынның өмірі мен шығармашалығын біз қаншалықты терең білеміз? – оған жауаптыәркім әдебиет көрмесінен табады. Мысалы, Абай мұрасын зерттеу алғаш Алаш қайраткерлерінің мақалаларынан бастау алды. Олардың кім екенің айта аламыз ба?Бұл ретте «Абай туралы естеліктер» жинағын да ерекше айтуға болады. Кітапқа ақынның немере інісі Әрхам Кәкітайұлы, туған ұлы Тұрағұл, замандас шәкірті, көрнекті ақын Көкбай Жанатайұлының және т.б. естеліктері енген.Ұлы ақын туралы тұщымды материалдар жарияланып, ақын есімін арқалап жүрген басылым - «Абай» журналын да атап айтуға болады. Сонымен қатар кітап көрмесінде «қазақтың бас ақыны» жайындағы терең зерттеулердің негізгі авторы – Мұхтар Әуезов, Абайдың әдеби мұрасын зерттеуге аса мол еңбек сіңірген бірегей ғалымҚайым Мұхамедханов, олардың ізінжалғастырған жергілікті жазушы-ғалымдардың еңбектері жинақталған. Филология ғылымдарының докторы, профессор А.Ердембековтің кітаптарында Абай әулетінің – Зере әже, Шаншар атадан Ұлжан анаға дейін үзілмей жеткен шешендік, Құнанбай тәрбиесінің ақынға әсері, сол замандағы би-шешендер ортасындағы жас ақынның орны, т.б. сөз болады.Сондай-ақ, ғалымАйжан Қартаеваның,өлкетанушы Қ. Алтыбаевтыңкітаптары оқырман қызығушылығын тудыратынына сенімдіміз. Және аймақ басшысы Д.К. Ахметовтің бастамасыменқолға алынған «Абай әлемі» кітап сериясы» жоба аясында жарық көрген кітаптарда назарға ұсынылып отыр. Ұлы ақынның мұрасы бүгінгі күні де өзекті, мәңгі тақырып. Ендеше, баршаңызды кітап көрмесін тамашалап, Абай әлеміне үңілуге шақырамыз!

                                                                      Байланыс тел.: 261333, Меруерт Жайлибаева, Гүлбаршын Абылғазинова

konvertor

Статистика

  • Қолданушылар : 6
  • Материалдар : 2881
  • Материалды қарау саны : 26339484
t +7(7232) 261-333
p +7(7232) 609-087
m director@pushkinlibrary.kz
h ШҚО, Өскемен қаласы
 Қазақстан к. 102