Абай күні "Дарын" лагерінде
- Толығырақ
- Құрылды 10.08.2019 01:56
Ұлы ақынымыз Абай Құнанбаевтың 174-ші туған күніне орай А.С.Пушкин атындағы кітапхананың қызметкерлері «Дарын» балалар лагерінде «Ұлы даланың Ұлы ақыны» атты әдеби-сазды кездесу ұйымдастырды. Кездесуге қатысқан 250-ден астам қатысушы өздерінің Абай туралы білімдерін ортаға салып, ақынның тамаша өлеңдерін, қара сөздерін оқып, әндерін орындады.
Лагерге жиналған дарынды жастардың белсенділігі мен жерлес, ұлы ақынға деген ыстық ықыластары бізді бір жайнатып тастады. «Абай Құнанбаев – ұлтымыздың мақтанышы» атты кітап көрмесі балалардың ойшыл ақын туралы білімдерін шыңдай түсті. Қатысушылар дана Абайдың қара сөздерінен көріністер қойып, жас балдырғандарға танымдық ой салды.
Ғұлама ақынға арналған викториналық сұрақтарға дұрыс жауап берген әрбір қатысушыға кітапхана атынан естелік сыйлықтар табыс етілді.
Жайлибаева Меруерт, тел. 261333
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26338067
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы