«Өмір заңы» кітап көрмесінде
- Толығырақ
- Құрылды 28.08.2019 17:23
Қазақстан Республикасының Конституциясы күні қарсаңында кітапхана мамандары оқырмандарына «Өмір заңы» кітап көрмесін ұсынды. Бүгін 28 тамыз күні көрмеге біздің тұрақты оқырмандарымыз, ҚР Ішкі істер министрлігі Мамандандырылған күзет қызметінің ШҚО бойынша басқармасының қызметкерлері келді.
«Өмір Заңы» атты кітап көрмесі еліміздің көне заманнан бастау алып, ХХІ ғасырдағы зерттеулермен аяқталатын конституциялық ой-пікірдің қалыптасуы мен даму тарихына тарихи экскурс жасайды.
Кітапхана қонақтары Қазақстанда жалпы қанша конституция қабылданды? 1926 жылғы Қазақстан Конституциясының жобасы неге күшіне енбеді? Алаш партиясының бағдарламасында қандай негізгі мақалалар жазылған ? осы және басқа да Ата заңымыздың тарихына байланысты сауалдарға жауап алды.
Кітапхана қызметкерлері Ұлы Даланың шешендік өнері, ел билеген қағандар мен әскери қолбасшылардың, данышпан тұлғалардың ел ішін ауызбірлікке, татулыққа шақырған салиқалы ой-толғаныстары, Қазақстан Конституциясының негізгі бағыттары және мемлекетіміздің үш билігі - Президент, Парламент, Үкімет және Конституциялық кеңес жайлы, еліміздегі жаңа бағдарламалар жайлы көрмеде ұсынылған кітаптар мен мерзімді басылымдармен таныстырды.
Тохмолдин Алтынбек, аға лейтенант:
Біз кітапханадағы осыдай тақырыптық көрмелерге үнемі келіп тұрамыз. Біз заңгерміз және қазіргі Конституцияны ғана емес, сонымен бірге оның тарихын да білуіміз керек. Бүгін менің әріптестерім және мен көптеген пайдалы ақпарат білдік. Кітапханаға келген сайын әрқайсымыз маңызды,қызықты ақпарат алып, білімімізді толықтырамыз.
Баршаңызды келе жатқан конститутция күнімен құттықтаймыз және «Өмір заңы» кітап көрмесімен танысуға шақырамыз!
Байланыс тел.: 26-39-46
Байланысшы: Ашкенова Жансая
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26343151
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы