Кітапханадағы Білім күні
- Толығырақ
- Құрылды 01.09.2019 14:45
Кітапхана қыркүйектің алғашқы күні барша оқырмандарымен Білім күнін атап өтті. Әдемі безендірілген кітап көрмелеріі, үстелдерде орналасқан үстел үсті ойындары қонақтарды ерекше қызықтырды. Мектеп және балалық шаққа арналған музыкалық композициялар, түрлі-түсті шарлар мерекеге көтеріңкі көңіл-күй мен қуаныш сыйлады.
Кітапхана қызметкерлері Қалиева Бақытгүл, Мергембаева Динара, Шомбина Азия жас оқырмандарды, ата-аналар мен мұғалімдерді «Білім толқынында» кітап көрмесімен таныстырды. Көрмеде оқушылардың өзіндік дамуына бағытталған алуан түрлі басылымдар ұсынылған: көркем, анықтамалық, ғылыми-танымдық әдебиеттер; «Oyla», «Эрудит», «Юный техник», «Моделист-конструктор», «Техника - молодежи» сияқты танымал журналдар орын алды. Ұстаздардың назарына арнайы – «Мұғалім кітабы» бөлімі ұсынылды. Бөлімнен мұғалімдер оқу-әдістемелік әдебиеттер, әртүрлі педагогикалық технологиялар, жаңашыл ұстаздардың педагогикалық инновациялар тәжірибелері, кәсібилікті дамытуға арналған ақпараттар ұсынылды. Ата-аналар үшін – «Ата-аналарға кеңес» бөлімінен аналар мен әкелер жас жеткіншектерді тәрбиелеу туралы пайдалы әдебиеттермен алып, бірінші сынып оқушыларын мектепке бейімдеу жайлы кеңестер мен бақытты балалық сыйлауға бағытталған психологиялық кеңестермен танысты.
Сонымен бірге, кітапхана қонақтары Конституция күні, Абай Құнанбаевтың 174 жылдығы және Н.Назарбаев мақаласының бағыттарын көрсететін «Ұлы Даланың жеті қыры» көрмелерін де тамашалады..
Баршаңызды жаңа оқу жылымен құттықтай отырып, білім толқынында кітапхананы серік етуге шақырамыз. Оқу жылы сәтті бастамаларға толы болсын!
|
|
|
|
|
|
|
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26339858
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы