«Қалам ұстап қолыма» ақын-жазушылардың жастармен шығармашылық кездесуі
- Толығырақ
- Құрылды 20.09.2019 17:24
2019 жылы 19 қыркүйек сағат 15-00 де А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханада Әлібек Қаңтарбаев, Тоқтарбек Мағзұмов, Бақытжан Райысова, Әскерхан Ақтай сияқты Шығыстың танымал ақын-жазушылары талантты шығармашыл жастар арасында іскерлік кездесу өтті.
Кеш «Рухани жаңғыру» бағдарламасы және жастар жылына арналған іс-шаралар жоспары аясында, кітапхананың «Әдеби-hab» жобасы негізінде ұйымдастырылды.
Кездесуге жоғары оқу орындары колледждер мен қала мектептерінен шығармашылыққа қызығушылығы бар талантты жастар қатысты. Кездесуді кітапхана қызметкері ақын Гүлнұр Зұлқаршынқызы жүргізді. Алғашқы болып сөз алған Шығыс Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы, танымал қаламгер Әлібек Қалиұлы Қаңтарбаев ағамыз, биылғы Астана қаласында өткен Азия жазушыларының форумында айтылған маңызды мәселелер мен ұсыныстар туралы сөз қозғады, соңынан проза жанрына қалам тербеуді армандайтын жастардың көкейінде жүрген сұрақтарына жауап берді. Ақындыққа таланты бар жастар танымал ақын Бақытжан Райысоваға да ақындық өнердің қыр-сыры туралы сұрақтар қойып, өздерінің өлеңдерін оқыды. Жастардың оқыған өлеңдерін тыңдаған аға-апайларымыз оларға өз пікірлерін айтты.. Белгілі жазушы Тоқтарбек ағамыз жастардың шығармашылық жолындағы ізденістері туралы ой қозғады. Ақын-жазушылар жастармен еркін сұхбат жасап, кітапты таңдап оқу туралы, және үнемі ізденсте болу жайында көптеген ақыл-кеңестер беріп, шығармашылық жолындағы естеліктерімен бөлісті.
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26341531
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы