Рухани жаңғыру: «Әбіш әлемі және ұлттық құндылықтар»
- Толығырақ
- Құрылды 25.09.2019 17:46
3 қазанда А.С.Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында «Бір ел - бір кітап» республикалық акциясы аясында жыл кітабы деп танылған белгілі қазақ жазушысы Әбіш Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры» кітабы бойынша оқырман конференциясы өтті.
Конференцияға Нұр-Сұлтан қаласындағы «Global Inn» аударма бюросының директоры, Альмира Айтпекқызы Қарабаева қатысты. Альмира Айтбекқызы қазақ жазушыларының шығармаларының шет тілдеріндегі аудармасы туралы, оның ішінде Әбіш Кекілбаевтың «Аңыздың соңы» романының ағылшын тіліне аудармасы туралы айтып, кітапханаға кітаптар сыйлады.
Конференцияға С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-нің оқытушылары, жергілікті ақын-жазушылар, мектеп мұғалімдері, студенттер, жоғары сынып оқушылары, кітапханашылар қауымы қатысып, «Аңыздың ақыры романының көркемдік ерекшелігі», «Аңыздың ақыры – ұлттық нақыш пен рух», «Аңыздың ақыры - көркемсөзді шежіре» ... т.б. тақырыптарда әдебиетші мамандардың баяндамаларын тыңдап, шығармаға байланысты өз ойларын ортаға салды. С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-нің «Шабыт» жастар театры «Аңыздың ақыры» романынан шағын қойылым ұсынды.
Абылгазинова Гүлбаршын, анықтама-библиографиялық қызмет Орталығының маманы:
Әбіш Кекілбаевтың шығармашылығын бағалай отырып, Герольд Бельгер былай деген болатын: Ә.Кекiлбаевтың көркемдiк палитрасының қуаты мен қасиетi де осында — ол ежелгi аңыз-әңгiмелердi бүгiнгi күннiң елегiнен өткiзiп, тарихи-философиялық тұрғыдан екшеп отырады, сол аңыз-әңгiмелерден күллi адам баласына ортақ адамшылық тамырларды тауып отырады. Өткен күндер шындығына бүгiнгi күннiң жарық сәулесiн түсiредi. Кекiлбаевтың суреткер ретiндегi ерекшелiгiнiң бiр парасын осы төңiректен iздеуiмiз керек.
Кітапхана сайтынан Әбіш Кекілбаевтың шығармашылығы туралы бейне ақпараттарды таба аласыздар.
https://www.youtube.com/watch?v=U64yd865Zxs&t=37s
https://www.youtube.com/watch?v=be1ysHj1Qoo
https://www.youtube.com/watch?v=-aVV7pVPg98&t=18s
Байланысшы: Жансая Ашкенова , тел.261 333, ішкі.119
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26342467
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы