Бақытты балалық – суретші көзімен
- Толығырақ
- Құрылды 21.10.2019 17:06
"Бақытты балалық шақ суретші көзімен" байқауы қатысушыларға кітапхананың Балалар секторы холлын безендіруде өзінің ерекше нұсқасы мен көркем шешімін ұсынуға мүмкіндік береді (сюжеттер, балалар ертегілері мен өнер туындыларынан кейіпкерлер және т.б.). Бұл балалар үшін танымдық, кітаптар мен шығармашылыққа қызығушылық оятатын көркем жұмыс болуы керек. Конкурс жеңімпаздары қабырғаларды өз жұмыстарымен белгілі шарттарда ресімдеуге мүмкіндік алады.
«БЕКІТЕМІН»
ШҚО мәдениет, архивтер
және құжаттама басқармасының
«А.С.Пушкин атындағы
ШҚО кітапханасы» КММ
директорының орынбасары
____________________ Б. Шағиева
А.С. Пушкин атындағы кітапхананың Балалар секторы дәлізі қабырғаларын безендіру эскиздеріне арналған
«Бақытты балалық – суретші көзімен» сайысының
ЕРЕЖЕСІ
I. Жалпы ережелер:
Сайысты ұйымдастырушы – «А. С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы» КММ. Сайыс кітапхананың Балалар секторы дәлізі қабырғаларын безендіру мақсатында өткізіледі.
II. Сайыстың тақырыбы мен бағыты:
Сайыс тақырыбы: «Бақытты балалық – суретші көзімен». Аталған сайыс қатысушыларға өзінің шығармашылық таланты мен қиялын ашып, ерекше формада (ертегі сюжеттері, балалар шығармаларының кейіпкерлері және т.б.) балалардың мүдделеріне жауап беретін және кітап пен оқуға деген сүйіспеншілікті арттыра отырып, Балалар секторының дәлізін безендіруге көмек көрсетуге мүмкіндік береді. Конкурс жеңімпаздары қабырғаларды өз жұмыстарымен белгілі шарттарда безендіруге мүмкіндік алады.
III. Өткізу тәртібі:
Сайыстың өтетін уақыты:
20 қазан – 25 қараша 2019 жыл - эскиздерді қабылдау.
25 қараша – 1 желтоқсан 2019 жыл – жеңімпаздарды анықтау және сайыс қорытындысын шығару.
Байқауда бейнелеу өнерінің келесі түрлері қарастырылады: кескіндеме, графика, мүсін, сәндік-қолданбалы өнер, фотосурет, бейне-арт, көркем нысандар, макеттеу және т.б.
Байқауға қатысу үшін Ережеде көрсетілген мерзімде (2019 жылдың 25 қарашасына дейін) шығармашылық жұмыстарды А. С. Пушкин атындағы облыстық кітапханаға әкелу қажет немесе кітапхананың электрондық мекенжайына жіберуге болады This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.. Сайысты ұйымдастырушы қажет болған жағдайда эскиздің қатты нұсқасын талап етуге құқылы.
IV. Сайыс шарттары:
- Байқауға 16 жастан асқан барлық ниет білдіруші қатыса алады.
- Байқау тақырыбына сәйкес келетін А3 және одан да үлкен форматтағы жұмыстардың эскиздері қабылданады. Эскиздер кез-келген материалда (ватман, картон, кенеп және т.б.) және әртүрлі сурет салу техникасында (май, акварель, тушь, түсті қарындаштар, борлар және т. б.) орындалуы мүмкін.
-Конкурсқа қатысушы бірнеше жұмыс ұсынуға құқылы.
-Қазылар алқасы қатысушылардың дұрыс емес немесе ұқыпсыз безендірілген жұмыстарын қараудан бас тартуға құқылы.
Жұмыстарды бағалау критерийлері:
- мазмұнның тақырыпқа сәйкестігі;
- идея ерекшелігі;
- шығармашылық шешімнің дәлдігі мен айқындығы, ықшамдылығы;
- конкурсқа қатысушылардың дербестік дәрежесі.
V. Марапаттау:
1 сыйлық – 30 000 теңге
2 сыйлық – 20 000 теңге
3 сыйлық– 10 000 теңге
3жұмыс – Ынталандыру сыйлықтары.
VI. Сайыстың қазылар алқасы:
Қазылар алқасының құрамы:
- Аштема Николай Павлович - суретші, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі.
- Нұрсадықов Құдаш Дәулетханұлы - суретші, кескіндемеші, график, мүсінші, суретші-безендіруші, Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі.
- Нұрқасымова Алмагүл Қабдраллиновна, суретші- безендіруші.
VII. Байланыстар, анықтамалар:
Анықтама тел.: 8 (7232) 26-13-33, е-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
Байланысшылар: 87051863586 Мергембаева Д.С.,
87055412525 Құдайбергенова Н.К.
Дәліздің фотосуреті.
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26339858
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы