Рухани жаңғыру: «Қазақтың ру-тайпа атауларына ғылыми көзқарас» кітабының тұсаукесері
- Толығырақ
- Құрылды 23.10.2019 17:31
Тарих ғылымдарының кандидаты, ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері, С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің доценті Ақанов Маратбек Қамзаұлы 23 қазан күні «Қазақтың ру-тайпа атауларына ғылыми көзқарас» атты кітабын оқырманға таныстырды.
Кітаптың тұсаукесеріне тарихшы мамандар, оқытушылар, ұстаздар, студенттер, мектеп оқушылары, кітапхана оқырмандары келді.
Ғалым ру-тайпа атауларының шығу тарихына ежелгі түрік, араб, парсы, монғол, қытай сөздіктері мен әр түрлі жазбаша түпнұсқалардағы деректер, осы атауларды ауыз әдебиетіндегі мәліметтермен ұштастыра отырып, ғылыми талдау жасағаны туралы әңгімелеп берді.
Абылгазинова Гульбаршын, библиогаф-маман:
Басылымда найман, арғын, керей, жалайыр, байжігіт, қаракерей, балталы, бағаналы сынды қазақ ру-тайпалары атауларының мән-мағынасы мен тарихына кең тоқталады. Мәселен, автор «найман» этнонимінің астарын моңғол немесе түрік тілдес халықтардан емес, нақтылы парсы сөзінен іздеуді ұсынады. Парсы тіліндегі «Найман» сөзінің мағынасы – «керней тартушы адам», «керней тайпасының адамы» немесе «кернейші» дегенді білдіреді.
Зерттеу еңбегінде автор қазақтың ру-тайпа атауларынан басқа, Шыңғыс ханның этникалық тегі туралы мәселеге тоқталып, найман-монғол соғыстары кезеңінде тарих сахнасына шыққан ірі тұлға – Күшілік хан жайлы тың мәліметтер келтіреді.
Басылым қазақтың шежіресіне, халқымыздың тарихи қалыптасуына қызығушылық танытатын барлық оқырманға арналған.
|
|
|
|
|
|
|
Байланысшы: Жансая Ашкенова
Байланыс тел.: 26-39-46 (119)
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26341799
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы