Рухани жаңғыру: Әбдіжәміл Нұрпейісовтің «Қан мен тер» романы
- Толығырақ
- Құрылды 24.10.2019 17:10
Қазан айында Қазақстанның халық жазушысы, КСРО Мемлекеттік сыйлығының иегері, Ұлы Отан соғысының ардагері ,қоғам қайраткері, аудармашы Әбдіжәміл Нүрпейісовтың туған күні. Осыған орай елімізде жазушының сүйікті оқырмандары сүйікті жазушысының шығармаларын оқып дәріптеуде.
А.С. Пушкин атындағы ШҚ облыстық кітапханасының оқырмандары жазушының 95 жылдық мерейтойына орай «Қан мен тер» трилогиясы бойынша әдеби кездесуге қатысты. Басқосу Ә.Нұрпейісовтің өмір жолы мен шығармашылығын дәріптеу, тарихи сананы дамыту мен отансүйгіштікке тәрбиелеу және елімізде кітап оқуды дамыту мақсатында өтті.
Кездесуге жиналған педагогикалық және шығармашылық зиялы қауым өкілдері, Өскемен қаласының студенттері мен мектеп оқушылары қазақ және әлем әдебиетінің патриархы Әбдіжәміл Нұрпейісовтің 95 жылдығына арналған әдеби кездесуде жазушының философиялық әлеміне саяхат жасады.
Қатысушылар трилогиядағы басты кейіпкерлер Еламан, Рай, Мөңке, Қален, Төлеу отбасы, Тәңірберген, Федоровтар әулеті, штаб-капитаны Рошаль, орыс жұмысшылары, Сүйеу қарт, Судыр Ахметтердің әр от басындағы тіршілік дағдыларын, психологиясын, рухани өмірлерін тереңдеп бейнелеуі турасында ойларын ортаға салды.
Ә.Нұрпейісов әдебиетке екпіндей еніп, өзінің ерекшелігімен таңқалдыра білді. Мұхтар Әуезов «Қан мен тер» трилогияның бірінші кітабын оқи отырып: «Мұндай дүниелердің қазақ тілінде жарық көруі – әдебиетіміздің жарқын болашағын көрсетеді» деген. Ал көрнекті әдеби сыншы Лев Аннинский Әбдіжәміл Нұрпейісов арқылы «қазақ әдебиеті ұлттық "ғарыштың" негізіне лайықты үлкен көркем күштің ұлттық эпопеясына ие болғандығын» айтады.
Жазушының шығармалары әлемнің 50 тіліне аударылған. Жазушы сөресінде оның француз, неміс, испан тілдерінде, бұрынғы КСРО халықтарының тілдеріндегі басылымдары орын алған. Ақтөбеде "Қан мен тер" трилогиясының кейіпкерлеріне, ал Аралда Әдебиет үйінің жанында «Соңғы парыз» романының кейіпкерлеріне ескерткіш орнатылды. Әбдіжәміл Нұрпейісовтың сырлы туындыларын кітапхананың электронды каталогынан қарап, оқу залынан сұрап, оқыңыз, қайталап оқып, жазушының терең ойларынан нәр алыңыз!
Байланысшы: Жансая Ашкенова
Байланыс тел.: 26-13-33 (119)
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26343367
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы