homesemail1sm

Заңгер кеңесі


Read More...

Робототехника 2022


Read More...

Волшебник изумрудного города


Read More...

Ұлы даланың ұлы тұлғалары


Read More...

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы


Read More...

Виртуалды қосымша


Read More...

Біздің Абай


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...

Құжаттардың электронды жеткізілімі


Read More...

Виртуалды анықтама қызметі


Read More...
0123456789
Негізгі бетАРХИВЖастар жылы: #JASSTAR ФОРУМЫ
Қателік
  • Plugin mavikThumbnails needs library GD2

Жастар жылы: #JASSTAR ФОРУМЫ

 20 қараша күні кітапханада #JASSTAR ФОРУМЫ – Қазақстандағы Жастар жылын қорытындылауға арналған форум өтті. Форум – әлемдік деңгейдегі спортшылар, ақын-импровизаторлар - әртүрлі деңгейдегі жарыстардың жеңімпаздары, танымал блогерлер, видео түсіру мен фильмдер түсіруді ұнататындар, « Пушкинді әлем тілдерінде оқимыз» халықаралық конкурсының қатысушылары, ынталы, мақсатты және белсенді жас оқырмандардың басын қосты.

Түрлі саладағы жас көшбасшылар Жастар жылында қол жеткізген жетістіктерімен бөлісіп, ең алдымен, гүлденген, қазіргі заманғы, мықты мемлекеттің лайықты азаматы болу үшін өздерінің жеке әлеуетін арттыру әрі тұлғаны дамыту үшін жасалған іс-әрекеттерін көрсетуге шақырды.
Басқосу қонақтарының бірі сегіз қырлы азамат- дәрігер, ақын, әнші Марғұлан Қалиев жастарға өзінің өмірі, шығармашылығы туралы, өзінің өмірдегі, қызметтегі іс-тәжірибесімен бөлісті. 2018 жылы М. Қалиевтың «Әке мен бала: жыр мен сыр» атты кітабы жарық көрді. Аталған еңбекке Марғұланның өзінің және әкесі, ұстаз – Зейнелғарап Қалиевтың өлеңдері, аңыздар мен бата-тілектер жарияланған. Сондай-ақ, кітапқа шежіре – Топтерек ауылы тұрғындарының генеалогиясы енген. Автордың туған ауылында "Әке мен бала: жыр мен сыр" кітабының тұсаукесері сәтті өтіп, Марғұлан тұлғасының патриот ретінде бірегейлігін, ауыл тұрғындарының тарихына, өмірі мен тағдырына бей-жай қарамайтын азамат екендігін дәлелдеді.
Кітапхананың Білім орталығында жас ақын-айтыскерлер Ардабек Ақбаба (Зайсан), Фархад Маратұлы (Көкпекті), Қуаныш Еркінұлы, Жұлдызай Маратбекова (Өскемен) мен "Тамшы" клубының мүшелері өздерінің суырып салма өнерлерін ортаға салды.
Шығыс Қазақстанның креативті жастары - әлем чемпионы Серікбол Ермеков, халықаралық дәрежедегі регбиші Алена Копейкина, автостоппен әлем бойынша саяхатшы әрі актер Константин Сергеев "Арманда. Ұмтыл. Дамы" атты ұранмен өздерінің әуестіктері туралы кеңінен әңгімеледі.
Лингвист-мамандар Қазақ тілінің жаңа әліпбиін оқыту орталығында "Тілтаным" атты оқыту сабағын өткізді.
Кешкі алтыда жастар кітапхананың мәжіліс залында блогер, режиссер, сценарист «Әлішер Мишелевпен кешкі променадқа жиналды. 2015 жылы ол өзінің командасымен Шығыс Қазақстанда алғашқы қайырымдылық әйгілі заманауи кәріс поп музыкасына арналған K-Pop кешін ұйымдастырған болатын. 2017 жылы Әлішер ЭКСПО 2017 көрмесін қамтыған алғашқы видео-блогер болды. Осы жылы Әлішер Қазақстанда өткен Synergy Global Business Forum-қа қатысты. 2017 жылы Әлішердің «Expo-Stories» фильмінің тұсаукесері болды. Әлішер өзінің A.M.Projects каналында «Freeword» бағдарламасын жүргізеді.
Бұл күні #PushkinLike халықаралық байқауының қатысушыларын марапаттау рәсімі өтті. Біздің кітапхана оқырмандары ақынның 220 жылдығына орай өткен Пушкинді әлем тілдерінде оқимыз байқауына қатысқан болатын. Шығыс Қазақстаннан 26 адам қатысқан болатын. Өскемен қаласының № 15 орта мектебінің 8-сынып оқушысы Исмаилова Жасмин «Алтын балық» өлеңін ағылшын тілінде оқығаны үшін Халықаралық байқаудың Дипломымен марапатталды.
Жас көшбасшылар форумы - кітапханада жарқын әсер қалдырды және сол күні кітапханаға келіп, жастар ұйымдарының белсенді көшбасшыларымен сөйлескен барша жастар үшін белсенді өмірлік ұстанымның үлгісі болды деп ойлаймыз.

Forum 13 forum 1 3 forum 1 7 forum 1 2  Forum 9 forum 1 6

 

Байланысшы: Жансая Ашкенова; Тел. 608980

              

konvertor

Статистика

  • Қолданушылар : 6
  • Материалдар : 2881
  • Материалды қарау саны : 26343151
t +7(7232) 261-333
p +7(7232) 609-087
m director@pushkinlibrary.kz
h ШҚО, Өскемен қаласы
 Қазақстан к. 102